Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Пұт болдым деп мақтанба...»

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 13 жол

Пұт болдым деп мақтанба,
Одан да ауыр батпан бар,
Би болдым деп мақтанба,
Асқар ала тауменен

Ар жағында аспан бар.
Басыма бақыт қонды деп
Кемімеспін енді деп,
Зауалды жалған дүниеге

Біле білсең таспаңдар.
Қарсы жүрген адамың
Басын исе достық қыл,
Жеңілсе дұшпан, достық қыл,

Аяққа салып баспаңдар.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 34 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері