Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құлетейге

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 30 жол

Ешкім кетіп, қойымнан бөлінді, құл,
Малы жоқтың етегі өрімді, құл,
Оның несін бетіме қылдың салық,
Азар болса бір жылғы төлім-ді, құл.

Ешкім кетіп, қойымнан ауысқаны,
Ажал жетіп тағдырын тауысқаны.
Арам өлген ешкінің етін жепті,
Құлетей біздің елдің сауысқаны...

Он бесте тартып міндім аттың жалын
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп,
Сопымен біраз жүрдім ұзын сарын.

Құрдым мен он сегізде жігіт салтын,
Байқамай еш нəрсенің алды-артын.
Басым бұлбұл, аяғым дүлділ болды,
Перзент жоқ, бұзады екен ердің шартын.

Жиырмаға келген соң,
Жын қуалап ақтадым,
Жиырма беске келген соң,
Жақсыларды жақтадым,

Отыз жасқа келген соң,
Əр ісін сүйіп мақтадым.
Қырық жастан асқан соң
Артық айтқан сөздерім,

Сенен де пайда таппадым.
Елу жасқа келген соң,
Пірдің сөзін сақтадым.
Алпысқа жақын келген соң,

Өлімнен хабар жетер деп,
Тəуба қылып тоқтадым.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 34 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері