Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қыздар туралы

Шал ақын Құлекеұлы · 1748–1819 · 15 жол

Жиырмаға жеткен қыз кəрі болар,
Өңі кетіп, шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Əр уақытта біреудің жары болар.

Қыз он беске жеткенде мау тартады,
Ата менен енеге жау тартады.
Екі көзі ел көшсе, төңіректе,
Шарасыздың күнінен жүк артады.

Қыз он беске жеткенде талма мойын,
Он алтыда қыздардың қылса тойын.
Он алтыдан асқан соң болмайды ойын.
Қыз он беске жеткенде кесте алады,

Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тəйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.

Шал ақын Құлекеұлы өлеңдері

Барлық 33 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері