Нұрым мен төрт ақын
Нұрым Шыршығұлұлы · 9 жол
Біріншісі: Сұрасаң руымды, біз Танамыз,
Екіншісі: Жиенбет Тана ішінде атанамыз.
Үшіншісі: Сайқыдай ел ішінде көп жүрмейміз,
Төртіншісі: Ақыннан үйге келген бата аламыз.
Нұрым да оларға қолма-қол жауап береді:
Руға қайдан қалдым «Таналаған»,
Көп қарға бір сұңқарды қамалаған.
Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі,
Төрт төбет айналамда абалаған.