Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тоғыз ауыл (Байбоз – Жанбоз) (1-бөлім)

Нұрым Шыршығұлұлы · 156 жол

I
Бұрынғы өткен шайқының
Адаса көрме ізінен.
Қорқамын, заман, түріңнен,

Жасаған ие пірімнен.
Пірлерде шайқы көп өтті,
Пәниде сенің жүзіңнен.
Қабаты қалың қара жер,

Өлгендер келмес түбіңнен.
Неше күн жолдас боламыз,
Жалғаншы дүние, сізіңмен.
Өлгеннен соң не пайда

Сайраған қызыл тілімнен.
Әуелі Абылды Қабыл өлтіріп.
Қас болды кәпір бізіңмен.
Хан Аюке деген қалмаққа

Уса-Серен бас болып
Дұшпанымсн қас болып.
Қытай жұрты бүлінген.
Көлденең жатқан Еділде

Қарға бойлы Қазтуған
Ердің даңқы білінген.
Қарабау менен Тайсойған,
Ол Қайғы Асанның жұрты екен,

Қарауыл салып қараған.
Қорғанша деген күдерден
Сондай жұрттың жері екен
Көлденең жатқан ұзын Жем.

Көргенім жоқ көзіммен,
Айтамын сондай ізіңмен.
Сондай ескі сөздің мағынасы
Ноғайлының ішінде

Күзей қарттан білінген.
II
Ойыл да Қиыл, Жем, Қайнар,
Көлденең өтіп ел жайлар.

Бетегесі белден шық,
Жегендерін желдентіп,
Жаз ортасы болғанда,
Күн зауалға толғанда.

Қонушы еді қарыштап
Маңғыстаудың ойына,
Сыя алмай шыққан көп байлар.
Желпіндіріп ат сайлар,

Желбіретіп ту байлар.
Күні бір бүгін болғанда,
Әдірә қалып барасың,
Қайран Шоқыбоз бенен Бегайдар.

Бегайдар менен Басқақтан
Ноғайлының елдері
Ерте тұрып, кеш жатқан.
Бұрынғы өткен заманда

Панжырдың ұлы Шуақта,
Атасы қалмақ демесең,
О дағы әділдікті бір тапқан.
Әдірә қалған жер еді

Мұсаның ұлы Орақтан.
Қарғабойлы Қазтуған
Сол арада жау шапқан.
Ноғайлының ішінде

Қара Мәмбет аз ауыл.
Салмаған екен қарауыл.
Тарлық басқа түскенде,
БірТәңіріні пана қыл.

Тар қамашау қоныста
Қаперсіз ердің жатқаны,
Алладан келген қаза бұл.
III

Қауыпсыз ерлер жатқанда
Қапыда түсті қақпанға,
Елдің алды асқанда,
Көлденең шыңға басқанда.

Есіл ердің баласы
Айла таппай сасқанда.
Тұс-тұсына қашқанда,
Күйкеннен бергі бауырда

Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынды
Екінді мен ақшамда.
Екі жүз елу жәуміт келіп ұрынған
Күйкеннен бергі мұрыннан,

Көштің алды бұрылған.
Әдірә қалғыр жер еді
Жаңбыршының ұлы Телағыс
Кешегі өткен қырық таңбалы қырымнан.

Төремұрат батырдың
Өлген жері сол екен,
Ойлап тұрсам, бұл қоныс
Құтсыз екен бұрыннан.

IV
Борқұдықтың басында,
Сайқұдықтың қасында
Көтерді жәуміт іргені,

Жидырды жәуміт сіргені.
Жағалбайлы атанған
Құрман, Таған бірге еді.
Жау келерін білмеді,

Хабар ерте тимеді.
Болжамады ертеден,
Жетімді алды желкеден.
Ақ орданы аударып,

Аруларды алды теңселген.
Әулием Бекет болғалы,
Бұ секілді шулатып
Алған жоқ еді дұшпан еңсемнен.

Тал шыбықтай белі бұралып,
Мақпал мен жібекке оранып,
Құлағында алтын үзбе сырғасы,
Қызы кетті байлардың,

Адайдан бұрын зырылдап.
Тәңірі қайтып алмаса,
Қайтқан жоқ еді бұрын бақ.
Зеңбірегі қардай бораған.

Жәуміт түгіл, орысты
Алушы едің біздің жақ.
Қарсыласқан көп дұшпан
Қалушы еді ызылдап.

Есік – ойран, төр – талқан
Ер өлген күні бұзылмақ.
Алпыс екі жесірдің
Шулап дауысы шыққанда

Көкірегім қайғы-шер,
Ішім бір толды қызғындап.
V
Бұ хабарды есітіп,

Қуып шыққан қырық жігіт
Қойсуы менен Қамаудан,
Алпыс екі тараудан.
Дүние өтті талайдан,

Көп өтіп, дәурен азайған.
Тоғыз ауыл шабылды
Толықсып жүрген Адайдан.
Қатын-бала, қара орман

Еріксіз кетіп барады
Жау қолында қарайған.
VI
Доспанбет, Төлен бас болып,

Дұшпанымен қас болып,
Қуып шыққан қырық жігіт
Ат құйрығын сүздіріп,
Қатын-бала, қара орман

Қалғанына күдер үздіріп.
Байбоз, Жамбоз – екі ауыл,
Ол ұрыспай нағылсын:
Сегіз арыс Адайдың

Қасқа, жайсаң қандысы,
Аты шыққан даңдысы.
Көп жүрмеген жабының
Жолда қалды жалдысы.

Жау көрмеген жаманның
Үйінде қалды малдысы.
Қуып шыққан қырық жігіт
Құланқақтың сыртында

Жәуміттің көрді қарасын.
Арада үш-төрт күн жүріп,
Қуып шыққан сол кісі,
Толарсақтан саз кешіп,

Нұрым Шыршығұлұлы өлеңдері

Барлық 20 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері