Көңіліме
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 12 жол
Күлімсіреп сілкін, көңілім, жабықпай,
Шыда көніп ауырлыққа, талықпай.
Еркін ойлап ерігетін күн болар,
Сыр көрсетпей, шық өткелден тарықпай.
Үміт кесіп қамығудан пайда жоқ,
Сендей мұңлы іздесе елден қайда жоқ.
Талпынсаң да сағаты соқпай, сырласым,
Тағдыр соққан шынжырды үзер хайла жоқ.
Кез келгенде кімдер тізе бүкпегенө
Келешектен таудай үміт күтпегенө
Ауырлама, боларсың күлкі құрбыға,
Деп жүрмесін: «Несін тәңір-ай жүктегенө»