Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алтынханның хаты

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 58 жол

Айтпаса шықсын қайдан көңіл назы,
Хафаның өлшенбесе көп пен азы.
Біреулер ойын-күлкі шаттықта жүр,
Біреулер хасіретте қысы-жазы.

Ғалым да, залым да көп жержүзінде,
Бұларды тексеруші Алла хақы.
Қандай жан қазулы орды баспай жатыр,
Болса да сағым қуған құмай тазы.

Ілініп жапалаққа жем болып тұр,
Кешегі айдын көлдің қу мен қазы.
Заманның заңы өзгерген кезеңінде
Алаштың қор болып жүр өнерпазы.

Сол көптің мен де бірі мұңын шаққан,
Түрмеде тұтқын болып келіп жатқан.
Бар шығар тәңіріге еткен күнәм,
Жоқ шығар Баймұрынға мені жапқан.

Аямай азаматын ұстап беріп,
Шынжырлы мойнындағы жезге сатқан.
Ана жыл әкең Дүтбай не болып еді,
Емес пе санасыздық соны ұмытқанө!

Бес жылға мен секілді кетпес пе еді,
Жұрт болып сұрамаса бас ұлықтан.

Тапсырдым Тобықтының аруағына,
Атадан тумай кеткір, тәңірі атқан!

Жандарал үшінші жыл қылды пәрмен,
Пәрменге қарсы келер бар ма дәрменө
Бес жылға һеш себепсіз жер аударды,
Ел-жұртын көре алмаған екен арман.

«Тағдыр — жел, пенде — қаңбақ» деген осы,
Айырылдым қатын-бала, кәрі анамнан.
Атбасар уезінде һәм сол болыс,
Қозған деп аталады елім барған.

Жамантік Тәжібеков болыстары,
Ырзамын хұрметіне маған қылған.
Хұрметі менен қайтпас, Құдайдан қайтар,
Баймұрын, кет садаға ондайлардан!

Вткен жаз жасырынып елге қайттым,
Кір жуып, кіндік кескен жерге қайттым.
Бір көріп Базархан мен кәрі анамды,
Уатып «қайғырмаңыз» дерге қайттым.

Мал шалып, жүрмек болып отыр едім,
Күнінде нақ ұлы құрбан айттың.
Көрсетіп болысымыз қастықпенен,
Сол жерде ұстатқаны лағынеттің.

Мен өзім онсыз да қайтпақ кісі,
Ылаж не, абақтының дәмін таттым.
Етаппен Ақмолаға жібермек боп,
Семейдің түрмесінде біраз жаттым.

Намыссыз, жасық шіркін, бол ырза,
Орныма егініңді ек, мені айдаттың!
Халімді аз сөзбенен еттім қысқа,
Емеспін көп жазуға артық ұста.
Дүние, өкінішсіз күнің бар маө
Кермеге кез боп қалдым қапылыста.

«Аз сөзде көп мағына» деген мақал,
Білгенге бұ да болса жеткен нұсқа.
Алтынхан — Бозанбайдың немересі,
Қараған Семипалат облысына.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері