Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жылан мен адамның айтысы

Мысал айтыстар · 2 мин оқу

Жақсылар бұрынғы өткен ақыл еді,
Айтқаны ақылды ердің мақал еді.
Жақсылық жамандыққа қылған істен
Хикая мына бір сөз нақыл еді.
Бір жылан бір күндерде өртте қалған,
Шыңғырып, күйіп-пісіп өртке жанған.
Бір мұсылман жолықты оны көріп,
Шығарып, атдорбаға салып алған.
Құтылып өрттен аман жылан шықты,
Себеппен ажалына мұнан шықты.
Шыққан соң өрттен, енді «түскін» десе,
Бірталай «түспеймін» деп азар қыпты.
—Саған мен жаным ашып қайрылғанмын,
Өткен соң құлағыма зар қылғаның.
Шығарып өрттен аман алып едім,
Сен маған бұл айтқан не қылғаның?
Сыртына тоңын алды зәрін шашып,
Екі басы екі жақтан аузын ашып.
Нәрсеге заты арам жақсы іс қылып,
Құтылмастай заман болды онан қашып.
Жүруге адам пақыр әзірленді,
Ол жылан жіберместен көрінеді.

Екеуі сөйтіп тұрған уағында,
Бұларға бір түлкі келіп жолығады.
Сонда адам жыланға айтты:
—Көңіліңді сен аудардың алалыққа,
Құр жүрмей өстіп едім балалықта.
Жақсылыққа жамандық болады да,
Түлкіге біз сынатып қалалық та.
Жылан айтты:
—Бұл сізге айтқан нақыл еді,
Түлкіңіз анау тұрған жақын еді.
Қыр жерде бізге қылған қорлығың бар,
Сынатсақ, сынаталық, мақұл, енді.
Бұлар жүріп түлкіге келді дейді,
Бұлардан түлкі қашық тұрды дейді.
«Осындай арызым бар» деп айтты,
Сол жерде түлкі сұрап білді дейді.
Адам:
—Аяңдап үлкен жолмен келдім, дейді,
Жыланды өртте жанған көрдім, дейді.
Шығарып өрттен аман алдым, дейді,
Ішіне ат дорбамның салдым, дейді,
Шыққан соң өрттен аман жылан,
Пәлеге кіріптар боп қалдым,—дейді.
Жылан:
—Сен түлкі, күлме сөзге, нан,—деп айтты,
Сөзіме құлағыңды сал,—деп айтты.

Қыр жерде адамзаттың бізге қылған,
Білесіз, дұшпандығы бар,—деп айтты.
Түлкі:
—Тіліңді, жылан, жүрген алмайынша,
Тұрамын қастарыңа бармайынша.
Сөзіңнің, адам, сенің бәрі өтірік,
Дорбаңа қайтып сыйды дардайынша?!
Қонады құзғын, қарға биік талға,
Адамның бір...* көңлін аула.
Дорбасына сен дағы қайта түсіп,
Адамның жоқ па деген тілін алма!
Дорбаға түсіп жылан толғаныпты,
Жігіттер, жанға берме қолдағы істі.
Дорбаға жылан сыйып болғаннан соң
Түлкі тұрып адамға көзін қысты.
Түлкінің ишаратын ұқты дейді,
Дорбаның аузын бекем тұтты дейді.
Тепкілеп ол дорбаның аузын қысып,
Жыланды жерге жаншып сықты дейді.
Достыққа қастық қылған жылан залым,
Қиналып шыбын жаны шықты дейді.
Алашқа адам едім болған мәлім,
Сөйлеуге бұдан артық келмейді әлім.
Қыр жерде достық қылсаң, қас көреді,
Жыланның мысалындай болса залым.
Тегі дұшпан адамға достық қыла ма?
Жарандар, міне, сөздің білсең мәні.

Мысал айтыстар

Барлығы: 13 мысал

Тағы оқыңыз