Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жас бұзау мен қатын

Мысал айтыстар · 1 мин оқу

Бұзау:
—Жатырмыз бұзау сорлы құр байланып,
Жіберсең кетер едік көлді айналып.
Қолыңа ұршық алып қыдырғанша,
Малыңа қарасайшы бір ойланып.
Қарасақ өзге қатын қандай малсақ,
Далаға бұзаулар мен біз де барсақ.
Көйлегің материалдан болар еді,
Қотыр болып қысты күні өліп қалсақ.
Кетеді ием байғұс кіре тартып,
Әкелер қайтуында отын артып.

Өсекті үйден-үйге құйылыстырып,
Ішесің қағаз шайды үйде жатып.
Ол өгізбен арбаны тартатұғын,
Көп жүкті шықырлатып артатұғын.
Апарғаны базарға пұл болып,
Иеміз аман-есен қайтатұғын.
Жеңеше, бұл айтқаным сізге пайда,
Көп құн бар емес пе сары майда?
Мал қылап бізді күтіп алмасаңыз,
Далада текке жатқан ақша қайда?
Бұл жерде бұзау мұны айтып салды,
Сұм қатын жан-жағына қарап алды.
«Жау шыққан айналамнан осы екен» деп,
Бұзауды қақ тұмсықтан салып қалды.
Бұл жерде бұзау жатыр ыңыранып,
Асығып қатын жатыр шамын жағып.
«Қатын-ау, бармысың?» деп байы ұрсып,
Үйінен қатын шықты ойбай салып.
Қатын:
Ал сонда қатын тұрып сөз сөйлеген,
Өзінің білгенінше жөн сөйлеген.
«Даладан келді дағы жатып алды,
Балалар ұрған шығар»,—деп сөйлеген.
Сүт қайда, қатық қайда, қаймақ қайда,
Суалып қара сиыр кетті жайға.
Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,
Жігітке мындай қатын табылмайды.

Сонымен сорлы бұзау өліп қалды,
Күндері кемпір-шалдың солып қалды.
Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,
Жазылған хикая сөз болып қалды.

Мысал айтыстар

Барлығы: 13 мысал

Тағы оқыңыз