Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Төрт түлік мал туралы айтыс

Мысал айтыстар · 1 мин оқу

Түйеші:
—Қара жердің қайығы,
Түйе—қазақ байлығы.
Кіре тартса кіріс көп,
Қай жерде оның айыбы.
Шыдамды, әрі төзімді
Ыстық пенен суыққа.
Жалықпай жүк көтеред
Алысқа да, жуыққа.
Жылқышы:
—Жылқы жақсы білсеңдер,
Ер серігі мінсеңдер.
Талай ауыр жүк сүйер,

Мойнына қамыт ілсеңдер,
Қалаған жерге апарад
Жылқы жүйрік, желгір ат.
Қастерлі суын қымызды
Қай мал бұдан аса алад?..
Сиыршы:
—Жылқы құнды, ол—рас,
Сиырдан бірақ аса алмас.
Сүті бұлақ, еті көп,
Мол қазына таусылмас.
Асырасаң құтты мал,
Әрі төлшіл өсімтал.
Бағымға сондай қолайлы,
Кәне, сонан асып ал.
Қойшы:
—Екінші тың біздің қой,
Қойда байлық, қойда той.
Қойдан асам дегенің—
Бекер әуре, құрғақ ой.
Терісін илеп киесің,
Жүні жібек білесің.
Қойды мақтан етемін
Байлыққа қосқан үлесін.
Ақын:
—Таласпаңдар, жараңдар,
Сөздеріңнің орны бар.
Елімізде бағалы—
Өрістегі қалың мал.
Кемесіндей даланың,

Өсірейік түйені.
Жылқышы да бұл жерде
Тауып айтты жүйені.
Сиыр қымбат, даусыз ол,
Сарымай, ақ сүт, міне, сол.
Сөзі дұрыс қойшының,
Жарысқа түс соғып қол.

Мысал айтыстар

Барлығы: 13 мысал

Тағы оқыңыз