Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Нәсира мен Шолым

Мысал айтыстар · 2 мин оқу

Шолым:
—Ассалаумағалайкум, жатқан қабыр,
Артыңнан келіп тұрмын етпей сабыр.
Қарадым келе ме деп бойлап-бойлап,
Шер тарттым күндіз-түні сені ойлап.
Нәсира:
—Келгенде жиырма төртке түстім қабыр,
Осылай бір Алладан болып әмір.
Өлгенмен шын ниет өзгермейді,
Бейіште қосылармыз, етсең сабыр.
Шолым:
—Жел сөз көңіл делбейді олай-бұлай,
Жазып ем түрлі бәйіт саған талай.
Жайыңды білейін деп келіп едім,
Нәсира, айтшы маған жайың қалай?
Нәсира:
—Жайымды сұрасаңшы жеке-жеке,
Қажет екен тәубе қыл, барып Меке.
ІІ. Мысал айтыстар

Сағынып маған арнап келген болсаң,
Айтайын хал-жайымды Би-аға-еке.
Шолым:
—Бой түзеп бұл жерде де жүрдіңіз бе,
Ғазабын қабырының көрдіңіз бе?
Екі йар мүләйімі келгенінде,
Жауабын сұрағына бердіңіз бе?
Нәсира:
—Бой түзеп, шаш тарап, өргенім жоқ,
Ғазабын қабырының көргенім жоқ.
Екі йар мүләйіммен келгенінде,
Жауапта еш қиындық көргенім жоқ.
Шолым:
—Ашылғай қияметте сенің бағың,
Бір Алла тарапынан сынбай сағың.
Қайырлы мекеніңіз болған екен,
Айтшы көргеніңді тағын-тағын.
Нәсира:
—Ғылмандар жұмақтағы жарасып тұр,
Мұхаммед үмметіне қарасып тұр.
Жұмақта үйленуге үміт етіп,
Біздерге хор жігіттері таласып тұр.
Шолым:
—Төсеніп топырақты жаттыңыз ба?
Жалғыздың қиындығын тарттыңыз ба?

Таласқан хор жігітке аламыз деп,
Бір нәрсе оған қарсы айттыңыз ба?
Нәсира:
—Тіл қаттым маһырбансып шошынар деп,
Сүйгенге сүйікті құл қосылар деп.
«Таласпа күн ілгері,—дедім жігітке,—
Фәниде уағда еткен досым бар»,—деп.
Басқа сөз бұдан былай айтылмады,
Арттырып өзге жауап қайтармады.
«Таласпа күн ілгері» дегеннен соң,
Ұялып жарықтықтар тайсалдады.
Шолым:
—Болды уақыт енді ауылға қайтарым-ай,
Сөйлесіп хал-жайыңды байқадым-ай!
Бірқатар іштің шерін тарқаттық қой,
Сәлемің бар ма елге айтарың-ай?!
Нәсира:
—Азырақ кідірсеңіз беріп мәулет,
Құдайым пәндесіне берсін дәулет.
Тілеймін бір Алладан әрдайым:
«Болғай,—деп,—Тәслимажан, сау-саламат».
Шолым:
—Кідірдім сіздің үшін беріп мәулет,
Бір Алла пәндесіне берсін сәулет.
Тәслима сау-саламат өсіп келеді,
Артыңда қалған сенен жалғыз әулет.

Көңілің басылар да аспаларда,
Қасыңда Бақайың жоқ жасқанарға.
Сұрадың жалғыз ғана Тәслиманы,
Сәлемің жоқ па айтарлық басқаларға.
Нәсира:
—Сәлем айт қара Бақай тумаңызға,
Келе ме жаңа келін сұлбаңызға?
Басқаның қайсы бірін [мен] айтайын,
Сәлем айт шешей мен молдаңызға.
Асығып енді ауылға қайтасыз ба?
Еске алып өткен күннің айқасында.
Алғаны Бақайыңның қандай адам,
Азырақ мәні-жайын айтасыз ба?
Шолым:
—Алғаны Бақайымның Ұлғаным ғой,
«Мөрі» жүз сом мен сегіз сиыр болғаны ғой.
Менсінбей бір байдан қайтып келіп,
Үш жылдай отырғасын сынғаны ғой.
Нәсира:
—Қозғадың іштің шерін өлең айтып,
Көтеріп көңілімді кеттің байытып.
Менсінбей байдан қайтып келген болса,
Би-аға-ау, бағаңа тұрар қайтып.
Шолым:
—Тұрмаса Бақайыма тең де бар ғой,
Кемітсе Бақайымды, ел де бар ғой.

Жасымды үлкен ғой деп санамаса,
Сүйетін сұлу әйел менде бар ғой.
Нәсира:
—Кім еді келініңе теңдегенің,
Бар ма еді мен білмейтін ер дегенің.
Сертіңнен пәнидегі танғаның ба,
Батты ғой ашық айтып мен дегенің.
Сөзімді саған айтар ұялмаймын,
Ағылған көздің жасын тия алмаймын.
Мақшарда қауысармын деп уәде еткенмін,
Басқаға сені, достым, қия алмаймын.
Шолым:
—Өлеңмен сыр алысып ауысармыз,
Көп мұңның қайсыбірін тауысармыз.
Күдерді мен де сенен үзгенім жоқ,
Жәннатта, болса нәсіп, қауысармыз.

Мысал айтыстар

Барлығы: 13 мысал

Тағы оқыңыз