Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тоқсан үйлі тобыр (4-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1903 · 2 мин оқу

Қамбар тартып жөнелді,
Көп сөйлесіп Лазымның
Тарқатпады іңкәрін.
Ауылға қайтқан секілді
Құртып сол күн діңкәрін.

Әнсіз әңгімесі

Қамбар менен Лазымның сөйлесіп тұрғанын Әзімбайдың бір баласы көріпті. Қыздың ағасы Әзімбайдың баласы:—Көрдің бе кедей Қамбар менен Лазымның сөйлесіп тұрғанын, алып кел мұнда, басын баудай кесейін, қанын судай ішейін, құнын өзім өтейін,—деді. Сонда қыздың кіші ағасы Алшыораз айтты ағасына:—Лазым сүйсе Қамбарды, мал алмай-ақ берелік. Біреуі «берелік» деп, біреуі «бермелік» деп сонда төбелесіп қалды.

Сөйлескенін көрген соң,
Ғашықтығын білген соң,
Ауылда тұрып көріпті
Қыз Лазымның ағасы,
Әзімбайдың баласы.
Қызғанып айтқан сөзіні
Антұрғанның қарашы.

—Артықша туған Алшыораз,
Сүйегінен бұ алған шын қораш,
Қарай қойшы кедейді,
Лазымжанға не дейді.
Кедей қанды Қамбар-ай,
Алып келші өзіме,
Бір көрсетші көзіме,
Басын баудай кесейін,
Қанын судай ішейін,
Құнын өзім өтейін.
Алшыораз сонда сөйлейді:
—Мінген атым көк пе еді,
Айтуға аузың еп пе еді.
Лазым сүйсе Қамбарды,
Шақырып алып берелік,
Мал алмай-ақ тек,— деді.
Ай, ағалар, ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Бектер мінген бедеу ат
Темірменен тағалар.
Қалмақтан қысым келгенде
Көп ноғайдың баласы
Сонда бір ер сағалар.

Ағасы сонда сөйледі:
—Мінген атың көк пе еді,
Айтуға аузың епседі,
Жалғыз атты кедейге
Лазымжанды беруге,
Өз бойыңа еп пе еді.
Мінген аты аладай,
Алаға тоқым салады-ай.
Сөздерден сөз ашылып,
Алшыораз бенен ағасы
Бақандасып қалады-ай.

Әнсіз әңгімесі

Мұның елінде қалмақтың ханы Мақтым хан деген хан бар екен. «Әзімбайдың Лазымжан деген сұлу қызы бар» деген Мақтым ханның құлағына түскен екен. Келмембет деген шабарын шақырып алды.—Бұл бізге лайық қыз екен. Сен Әзімбайға бар,—деді. Қасыңа тоғыз қалмақ ерт,—дейді,—бізге лайық қыз екен,—дейді.

Он сегіз жасар Қамбар-ай,
Берен туған жандар-ай.
Сол күндегі қалмақта
Мақтым хан деген хан бар-ай.
Ерлер атын суарар-ай
Лайы жоқ бұлаққа-ай,
Ат шаба алмас құмаққа-ай.
Әзімбайдың қыз Лазым
Бар дегені бір күні
Қалмақ ханы Мақтым хан
Түскен екен құлаққа.
Мақтым ханның бар екен
Келмембет деген шабары.
Шақырып алды қасына,
Келмембет барды басына.
—Ай, Келмембет, Келмембет,
Әзімбайға бар,—деді.
Әзімбайдың қыз Лазым
Бізге лайық жар,—деді.
Әзімбай берсін сол қызды,
Құлағына сал,—деді.

Хан жарлығы қайтар ма,
Патша екі айтар ма?!
Тоғыз қалмақ қасында,
Жез қалқаны басында,
Ойын ойнап Келмембет,
Сырнайларын тартып,
Келе жатыр шайтандай.
Ат құлағын теңдесті,
Қалмақтар қылды кеңесті,
Әзімбайдың аулына
Келіп бір қылды сөйлесті.
Қалмақтың кең қаласы,
Жауаптың болды таласы.
Үйден шығып сөйлесті
Әзімбайдың бір ортаншы баласы.

—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын,
Түн ұйқысы қалғандай,
Қабақтарың қатыңқы.
Түнше бұлт жүргендей
Атыңның жалы жатыңқы.
Қара шекпен қынамал
Атусыз оғы құрулы.
Қалмақтарға ұқсайсың,
Сұраймын,— деді,— жол болсын.

Қамбар

Барлығы: 28 жыр

Тағы оқыңыз