Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай, Қази (1-бөлім)

Қарасай-Қази · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Орақ, Мамай—екі батыр тұрған заманда Ораққа «Әйел ал» десе, алмайды екен. «Маған жақсы әйел керек, жаман әйелді алмаймын»,—дейді екен. Сонда жауға аттанайын деп тұрғанда сол ауылда бір әйел бар еді. Бір көзі жоқ, соқыр еді. Бір қолы жоқ, шолақ еді. Бір аяғы жоқ еді. Орақ әскер жинап, кетейін деп тұрғанда, сол әйел барып, дәрет сындып еді. «Тірі қайтып келетін күн болса, осы әйелді алармын»,—деп кетеді. «Сондай бір асыл бала туады екен»,—деп ойлайды екен бұл әйелді.

Мамайдың тоқалы Қарахан сұлу Қозанның қызы еді. Бәйбішесі—Ақтерме сұлу ноғайлының қызы еді, Алау батырдың қарындасы еді. Сонда сол түсінде Орақтың белінде екі айдаһар жылан көреді. Сонда Ақтерме: «Жақсыны алмады, жаманды алды»,—деп, қимады. Сосын Смайыл Тобаяқты шақырып: «Мына Орақты шапсам, қылышым өтпейді, сабасам, таяқ өтпейді, айтсам, тілімді алмайды, көзіме күйік қылмай, онда өлтір!»—деді. Ақтерме сұлу: «Қалай өлтірем?—дегенде, Смайыл Тобаяқ: «Оны Мамайдан сұра, екеуінің әруағы бір болар»,—деді. Ақтерме сонда Мамайдан сұрады: «Сірә, сізге қару өтетін жер болар ма?»—дейді. Сонда Мамай айтты: «Бізге өз алмасымыз ғана өтсе керек»,—деді. Сосын Ақтерме сұлу Смайыл Тобаяққа келіп хабар етті. Сонда Смайыл Тобаяқ Орақ батырды аңдыды. Сосын бір күндері Орақтың алмасын есіктің алдына құрады да, жылқыға жүре береді. Жылқыға келіп, Орақтың ала тайын ұстап, аяғына бір тулақты байлайды. Тулақтан тай үркіп шапқан кезде «Орақ, Мамай, ауылға жау келді»,—деп Смайыл айғай салды. Сонда Орақ батыр үйден жүгіріп шығам дегенде, Орақты алмас ортасынан кесіп, Орақ өліп қалды. Сонда шолақ қатыннан Қарасай, Қази бір туды. Артынан Қибат деген қыз туды. Шолақ қатын үш баламен қала берді. Қарасай мен Қази алты мен жетіге жетті. Алтыда Қибат болды, жетіде Қази, сегізде Қарасай болды. Сонда Қондыкер деген қалмақтан хат келді. Әділ хан деген ханға (бұл ноғайдың ханы еді). «Қарасай мен Қази қорықпаса, келсін, қалмаққа аттанып шапсын,—деді.— Ер болса, екеуі де келсін»,—деді. Сонда Әділ хан ойлады; «Екі бірдей жетім баланы жауға жіберіп, өзіміз үйде отыру келісімізге келмейді»,—деп, Қырымға хабар салады. Қырымның байтақ ерлерін жинап алады. Ежелден келе жатқан Едіге хан ордасына түсіп кетейік,—деп,—жолымыз болар ма екен»,—деп, Мұса ханның ордасына келіп түседі. Сонда Қарасай мен Қази далада асық ойнап жүр еді. Сонда Қарасай, Әділхан келгесін, ханды көрейін деп, жүгіріп келіп, есіктен қарағанда, Әділ хан Карасайды көріп:

—Қарт бурадай қабағы,
Бесті өгіздің терісіндей
Салбыраған тамағы.
Дөңгеленген көзі,—деп,
Бейне Ораққа ұсаған
Қарағымның өзі,—

деп, Орақтың сыбаға табағын береді. Орақ ауылға келіп, мал сойылса, әуелі басқа жаннан бұрын бір табақ етті Ораққа беруші еді, сонда Орақ: «Бісміллә!»—деп, аузына бір салып, сосын жұртқа асатушы еді.

«Қарағым, бері кел,—деген де,—Орақтың сыбаға табағын бер»,—дегенде, Қарасай аузына бір салып, екінші салмайды. Бір салғаны өтпеді, жұтынып еді, кетпеді. Сонда тұрып:

Тағы оқыңыз