Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай, Қази (3-бөлім)

Қарасай-Қази · Мұрын жырау Сеңгірбекұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Бір күн, бір түн аңдыды,
Таң ұйқысы болғанда,
Тарланға жақын барады.
Сауырының үстіне
Қайырып басын салғанда,
Сонда барды қасына.
Қолы тиді Тарланның
Жалы менен шашына.
Жарағын салып алғасын,
Мініп келді Тарланды.
Келді де, атты ерледі,
Ерлеп тұрып, терледі.
«Жылдам атқа мінер»,—деп,
Әскер кетіп қалар»,—деп,
Шапшаңдап қолын сермеді.

Сонда бір қыз Қибатқа жүгіріп барып:

—Айналайын, жан апа,
Қарасайдай ағаңды
Белгілі Құдай атыпты,
Сексендегі бір шалға
Тоқалдыққа сатыпты.
«Бір тайға сатты»,—дегесін,
Інжу-маржан тағынды-ай,
Бұлдыраған сағымдай,
Аққан бір судай сылдырап,
Жібектей бойы үлбіреп,
Қоңыраудай даусы шылдырап,
Көзінің жасы төгіліп,
Жыландайын иіріліп,
Қарасайға келеді.
Тұра қалып ақ Қибат,
Сонда бір сөз сөйледі:
—Айналайын, жан аға,
Сенің туған жеріңнен
Тумап па едім мен де, аға!
Не жазығым бар еді
Көзімді мұнша ойғандай,
Қорлыққа басым қойғандай?!
Рас па еді, Қареке,
Сексендегі бір шалға
Тоқалдыққа сатқаның,
Сатып, бір тай алғаның.
Аманатын Алланың
Көз алдымда бергенің?
Мені қоймай дүниеге,
Өз көзіңмен көріп кет,
Өз қолыңнан қойып кет,
Қара жерге беріп кет.
Арғы атамды сұрасаң,
Ала тайлы Аңшыбай
Ежелден артық ер еді,
Ақ сүйек туған төре еді.
Бергі жағын сұрасаң,
Баба түкті шашты Әзіз
Керемет қонған пір еді.
Бергі жағын сұрасаң,
Парпария сұлтан хан еді.
Тоқсан баулы ноғайды
Билеген артық жан еді.
Бергі жағын сұрасаң,
Құттықия бек еді,
Шынжырлы туған ер еді.
Бергі жағың—Едіге
Дұшпанға кегін бермеген,
Үстінен дүбір өтпеген.
Бергі жағың—Нұрадын,
Нұрадын патша болғасын,
Ноғайдың берген мұратын.
Бергі жағың—хан Мұса,
Орақ пенен Мамай-ды.
Ерлігі мұның қалай-ды?
Орақтан туған сен едің,
Қарындасың мен едім.
Жеті атаңнан бар ма еді
Тоқалдыққа қыз берген?!
Не жазығым бар еді,
Мұнша ойып көзімді,
Өлтіріп кет өзімді.
Бермеймін саған Тарланды
Өлтірмесең сен,—деді,
Кеспесең менің қолымды.
Жеті бір жасқа келгенде,
Жоқ еді мұндай ойымда.
Талдап бір шашым жұл,—деді,
Басымды кесіп, жан аға,
Мені де жоқ қыл,—деді.
Сонда бір тұрып Қарасай
Атының ерін алады,
Етігін шешіп салады,
Байластырып етігін,
Иығына салып алады.
«Тұрмаймын,—деп,—қалада,
Қаңғырам,—деп,—далаға,
Қарасай кетті жүгіріп,
Отыра алмай кідіріп.
Қарасайдың кеткенін
Қази бала көргесін,
Артынан келді жүгіріп.
Қибатқа сонда сөйледі,
Сөйлегенде, не деді:
—Асыл туған ақ Қибат,
Қара бауыр кәпірсің.
Асылың әйел болғасың
Сен бір қалай тұрасың?!
Көп ішінде аударып,
Көкемнің атын алғаның,
Қорлыққа басын салғаның.
Хан баласы—Қарасай,
Қайтып енді келмейді.
Енді келмес қалаға,
Қаңғырар жалғыз далада.
Қарекемнің жолында
Менің жаным садаға.
Адам шыдап тұрар ма,
Бірге туған ағаға?!
Мен артынан кетейін,
Көкемнен қалып не етейін?!
Жаяу да болса, жетейін,
Өлгенін көзіммен көрейін.
Артықпын ба көкемнен,
Мен де өліп жатайын.
Мынау иесіз қаланы,
Жақсы бірдей баға көр
Екі бірдей ананы.
Аманатын Алланың
Көз алдымда көрейін.
Артықпын ба көкемнен,
Мен де өліп жатайын.
Сонда бір Қибат егілді,
Көзінің жасы төгілді:
—Айналайын, жан аға,
Нашар ие боп тұрар ма
Мұндай қалаға?!
Мен бір қалай бағармын
Екі бірдей ананы?!
Қарекемнің жолында
Жаным болсын садаға.
«Шамырқанып, шамданып,
Ерге әруақ қонсын,—деп,
Кімнің алыс, жақынын,
Кімнің жақсы, жаманын
Осындайда білсін»,—деп,
Қарекемнен алғанымды
Енді апарып берейін.
Қарекем атқа мінбесе,
Жолында жүріп өлейін.

Тағы оқыңыз