Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (11-бөлім)

Көрұғлы · Жамбыл нұсқасы · 1 мин оқу

Бала—ханның баласы,
Гүлжазира—анасы,
Дүниенің жүзін билейтін
Батыр болар шамасы.
Ал жиналған, халайық,
Баланы сынға салайық.
Көрұғлы деп ат қойсам
Болар ма екен ылайық?
Қарттың қойған бұл аты
Ел көңіліне ұнады.
Бозайхан аз жақтырмай
Ел қабағын сынады.
Халықтың берген атына
Хан да тоқтап тұрады.
Аты болды Көрұғлы
Көрден шыққан баланың.
Бәріне түгел жайылды
Хан билеген қаланың.
Көрұғлы отыр жалаңаш
Үстіне киім кимеді.
Қызыққа да қарамас,
Дырдуды тағы сүймеді.
Сөйлеспейді тіл қатып,
Адамдармен үйдегі.
Көрұғлыны Бозайхан
Жиі көріп тұрады.
Хан келгенде сескеніп,
Аздап көңіл бұрады.
Бейімделген мінезі
Ханға ептеп ұнады.
Бірнеше айдай жалаңаш
Көрұғлы бала шыдады.
Жиылған көп қыздар да
«Ханның ұлы жалаңаш»,—
Деп келеке қылады.
Бірте-бірте Көрұғлы
Келекені сезеді.
Ойламайды моланы
Бетін елге түзеді.
Сол халыққа үйреніп,
Моладан күдер үзеді.
Аздап киім киеді,
Дәмді тамақ бар болса,
Ептеп жеуді сүйеді.
Өзі таңдап кисін деп,
Дәмдісін талғап жесін деп,
Көрұғлының алдына
Киім, тамақ үйеді.
Сөйте-сөйте Көрұғлы
Қайырым тілге келеді.
Сұраған сөзге кей кезде
Сирек жауап береді.
Көрұғлының қасынан
Кетпейді аңдып Дардана.
Жеті жасқа жеткенше,
Бойына әдеп біткенше,
Ел ішінде қайратты,
Қасында болды бозбала.
Сөйлесуге тіл келеді,
Батырлар бар қасында.
Сарайға шығып жүреді,
Ерігіп біреу ұстаса,
Ымдап біреу нұсқаса,
Ашуланып төнеді.
Сілтеуінен қалмайды,
Талай адам өледі.
Өле-өле батырлар,
Күн санап кеми береді.
Осы жайды айтуға,
Бозайханның өзіне,
Құлақасқа кіреді.
Жайын естіп Бозайхан,
Жарлық берді «байла» деп.
Елді талқан қылмасын,
Байқап соны, ойла деп,
Ұстамақ болды батырлар,
Көрұғлы салды ойранды.
Быт-шыт қылып қиратып,
Ашты қатты майданды.
Болмаған соң айырды,
Көрұғлыдай батырды.
Үш жылда барып қосылды
Адамдарға ақылды!..

Тағы оқыңыз