Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлы (10-бөлім)

Көрұғлы · Жамбыл нұсқасы · 3 мин оқу

Қырық бірінші күндерде
«Дараға ас,—деп,—кемпірді»,
Бозайхан сонда бұйырды.
Кемпір тұрып: «Дат»,—деді,
«Датыңды,—хан,—айт»,—деді.
—Үйде жатыр қырық ұлым
Сарайыңа келмеген.
Қырық ұлым бірдей қапада
Сейіл құрып көрмеген.
Қырық баланың ішінде
Жан шақ келмес күшіне
Ерекше туған Дардана,
Сыртқа шықса балаңды
Сол ұлым ұстап береді.
Бір күні үйде ұрыс боп,
Майдандасқан соғыс боп,
Дардана атты сол балам
Бар баламды бөгеді.
Дайында темір сауытты,
Сенің де балаң қауіпті.
Осыдан шара болмаса,
Алсаңыз, тақсыр, міне бас,
Байқасып көрсін екі жас.
Балаң келсе қолыңа
Қызығына батарсың.
Күшімен балам тоқтаса,
Балаңды алып қайтарсың.
Қолымнан бұл іс келмесе,
Балаңды ұстап бермесе,
Үкімді сонда айтарсың.

Темір сауыт алдырды,
Киді соны Дардана.
Екі жаққа қырық-қырықтан
Жиылды тағы бар бала.
Қызды майдан ашылып,
Шаң, топырақ шашылып.
Көрден шыға жүгірді,
Бала көріп бұларды
Құр қалғандай асығып.
Қашты тағы бар бала,
Жалғыз қалды Дардана.
Көрден шыққан сол бала
Жүгірді біраз айнала.
Дарданаға түйілді,
Ұстап алып үйірді,
Дарданаға сене алмай,
Хан қапа боп күйінді.
Үйірген жердің бұрқырап
Топырағы үйірілді.
Даланы тұман шаң басты,
Бала мен жігіт айқасты.
Бірін-бірі ала алмай
Күні бойы шайқасты.

Қара тер бойдан төгілді,
Басқан жер бордай үгілді
Дардананың үстінде
Темір сауыт сөгілді.
Қолынан ұстап Дардана
Көр баласын үйірді.
Екі аяғы аспандап,
Басы төмен шүйілді.
Дардананың қабағы
Жауатын күндей түйілді.
Көр баласы меңдеді,
Дардана оны дендеді.
Намазшамның алдында
Көр баласын Дардана
Астына басып өңгерді.
Жиырмадағы жігітпен
Көрден шыққан сол бала
Бес жасында тең келді.
Масқаралап талайды
Көр баласы деңдеген.
Қырық батыр, Құлақасқаны
Шыбын құрлы көрмеген.
Көр баласын ұстады,
Жігіт еді Дардана
Анық батыр нұсқалы.
Көр баласын ұстап ап
Қайғылы хан қуанды.
Сазарып қарап бала тұр
Қабағы қайсар шыдамды.
Топырақтың түріндей
Белгілі түс жоқ етінде.
Қуаныш, қайғы ізіндей
Құбылыс жоқ бетінде.
Моланың ол тағысы
Ашулы бейне арыстан.
Ұстатпауға адамға
Сол үшін ол алысқан.
Тырнағының көбесі
Басын бүркеп саусақтың,
Қайрылып қайта жабысқан.
Терісіндей түйенің
Қышырлы еті қара күс.
Еті қатты темірдей
Ұқсамайды басқа түс.
Қаралығы көмірдей,
Жабағыдай ұйысқан
Бетін шашы жауып тұр.
Қол-аяғы босанса,
Өңінде үлкен қауіп тұр.
Ойында бар босанса,
Әлі де елге шабатын.
Дауысымен шыңғырған
Адамның есін алатын.
Басы үлкен табақтай,
Екі жағы садақтай,
Қуанышты Бозайхан
Алып келді сарайға
Алды-артына қаратпай.
Не қисайып жатпайды,
Тамақ берсе татпайды.
Сөз сұрасаң адамша,
Ешкімге тіл қатпайды.
Той-тамаша жасалып,
Шаһар түгел жиналды.
Қазынасын хан ашты,
Келген адам еркімен
Осы тойда сыйланды.
Отыз күн ойын жасады,
Қырық күн тойын жасады,
Тамаша болды жетпіс күн,
Ат шаптырды алпыс күн,
Халыққа түгел маза жоқ
Думан жасап күндіз-түн.
Өтіп жатыр қызықтар
Бала киім кимейді.
Тамақты жөндеп ішпейді,
Бұл сияқты өмірді
Әлде бала сүймейді.
Киім берсе үстіне,
Тастайды жыртып айырып.
Үстіңе киім ки десе,
Жауап қатпас қайырып.
Сөйлеп тілге келгенше,
Үстіне киім кигенше,
Қыз-келіншекті жидырып,
Қасына қойды Бозайхан
Киімге бала көнгенше.
Үйірлеспей адамға
Мінезі болды өзгеше.
Жиналды халық сарайға
Қойғалы атын баланың.
Әртүрлі ат ойланды
Келгенінше шаманың.
Түрегелді сөз сөйлеп,
Көп ішінен кәрі шал—
Ақ сақалды, сары тісті
Тоқсанға келген кәрі шал:
—Туған шығар бұл ұлы
Бозайханның бағына,
Мирасқор болар тағына.
Шыққан жері баланың
Құлдың көрі емес пе?
Ақыл жетпес кей адам
Құлдан туды демес пе?
Басымды алар хан тақсыр,
Ашуланса бұл іске.
Баланың көрден шыққаны,
Не демес ханның дұшманы?

Тағы оқыңыз