Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Алымбектің шежіресі (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Садыр Бердіқожа сияқты болған екен. Тисе де, тимесе де тыныш жатқан елге соқтығысып жүргендіктен, қазақтар оны Абылай ханға көп жамандайды екен. Кебек қайтып кетеді. Талқан—кіші Таластан бері, Көкдөнен шалдың тұсы деген жерде екен. Талқанды Жайыл, Момақан билейді екен. Солтыны Бөлекбай билейді екен. Бөлекбай Қарабалта, Ақсуда екен. Бөлекбайға айтпай, Момақан бас болып, Жайыл да барады. Төлеберді Садырға «қой» десе де, Жайыл мен Момақан көнбейді. Жайылдың қартайып қалған кезі. Төлебердінің сөзге араласқанын жақтырмаған ағалары: «баланың сөйлегені қалай?»—деп қағытады. Төлеберді мен Бөрібай бармай қалады. Садыр көп қолды бастап барып, Шымкенттен бергі қазақты шауып, Шолаққорған мен Созақ қалаларын талайды. Көп олжаға кенеледі. Осыдан кейін Төле би үш жүздің баласының билеріне хабар жіберіп, шақыртады. Үш жүздің билері жиналады. Билер Көкжарлы Барақ, Қаумен, Жәпек, Жайсаң және басқа да белгілі батырлардың өлгенін жеткізіп, Садырдын тізесінің батқанын көбірек айтып, Садырдың кейінгі Шымкент қазағын шауып, Шолаққорған, Созақты талағанын айтып, Төле бидің енді Абылайға көнбейтінін тұспалдап, қырғыздың кейінгі қылғанын бейбастық деп, Бұқар жырау деген уәзір һәм ақынға: «Абылайға осыны сен жеткіз»,—деп бірауыздан шешімге келеді. Үш жүздің билері осыған тоқтап, есіктің алдына отырып алыпты. Абылайға: «Сыртта үш жүздін билері келіп, есік алдында жиылып тұр»,—десе де, істін мәнін білген хан ұқпаған болып, Бұқар жыраумен тоғызқұмалақ ойнап отыра беріпті. Бұқар жырау тоғызқұмалақ ойнап отырып, үш жүздін билерінің не себепті жиналғанын және Төле бидін кесімді шешімін өлеңдетіп айтып жеткізіпті. Қазақтардың оқығандары айтар еді, қырғыздың шалдары айтатын еді, Бұкар жырау сонда былай депті:

—Қырғыз Көкжарлы Барақты алды,
Сартбек қазақты алды.
Шолаққорған, Созақты алды,
Абылай хан, енді, Садырдың
Сені алмағына аз-ақ қалды!..

Сонда Абылай бір жеңін киіп, бір жеңін кимей, қабағы салыңқы, есіктен шыққан екен дейді бұрынғының шалдары. Абылай:

—Бір жағым қоқан, бір жағымда қытай, бір жағымда орыс тұрғанда, азғантай қырғызға қызықпай жөн тұрсақ деп едім, болмадыңдар. Қазақ пен қырғыз бір туған едік. Бәйтік қастық қылып Көкімге у берді. Содан ортамыз бұзылды. Ташкенді бүтін иеленгенде Бәйтік кім болмақ еді?! Қырғыз-қазақтың бұзылғанын пайдаланып қалмақ қайта келген. Қазақ Бұқар кіріп, қырғыз Ысар кіріп, ел тентіреген. Сол естеріңнен шықты ма? Тентіреп жүріп табандарың тесіліп «Ақтабан шұбырынды...» атандыңдар, соны ұмыттыңдар ма? Қалмақтан жаңа кұтылып отырсақ, қырғыздың жеріне қызығып мынаны бастадыңдар. Қоқан, қытай, орыс үшеуінің біреуі қол салса, ежелден бір тұқым, бір боз үйлі, кейде қағысып, кейде табысып жүрген кырғыздардың пайдасы тиеді ғой деп едім, болмадыңдар. Рас, сендер айтқан Садырдың қылығы айып, тыныш жатқан елге бүлік салған... Біздің көкжарлы Барақтыкі де айып, жортуыл жасап өзі барған. Бірақ ол өз жазасын тапты. Бізде Бердіқожа бар. Ол да қарап жатпайды. Сендер менің айқаныма тоқтайын деп тұрған жоқсыңдар. Мен қырғыз деп аттанбаймын, Садыр деп аттанам! Садыр көнсе, осы уақытта айтармын. Ал бұйрық бердім, аттаныңдар!—дейді. Үш жүздің билері аңтарылып:

—Қалай аттанамыз, өзіңіз айтыңыз,—деседі Абылайға қарап.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз