Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ-қырғыз шабысы (5-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

—Жарастықтың шарты мынау: Таластың суы—су шек болсын, Ырғайтыға дейін бересің,—дейді. Сонда Төлеберді:

—Сіз Таластың суы шек болса дейсіз, Күйіктің белі шек болсын. Кішібурыл, Шоңбурыл, Тұсы тауы шек болып, аяғы тұп-тура Түймекенттен Таластың суын кесіп өтіп, Әбілқайырды басып, Қорғантыны жиектеп, Түліскенге келіп, Ұланның ұршығын басып, Тескейге түсіп, Ырғайтыға шейін жетсін дейсіз. Менің қосарым: бұл жерге қырғыздың қаны көп төгілгенін білесіз. Сондықтан Шоқпардан тартып, Ілеге барып, Сартауқұмнан тоқталсын,—дейді. Қазақтар жапырлап:

—Ойбай-ау, бұл недеп тұр?!—дейді. Абылай Төлебердіге қарап:

—Қазақтар бізге немене қылады деп тұр ғой,—дейді. Төлеберді Абылайға тіке қарап айтады:

—Тақсыр, қырғыздың азайып қалғаны—тау арасына кіріп кеткені ғой және жарымы Ферғана жаққа ауып кеткен. Күйіктің белі менен Бурылдан Бетегелі Қойтасқа дейін қанша жер? Одан тартып Бурыл, Түймекенттен төмен Таластың аяғы қанша жер? Таластан Әбілқайырды басып, Қорғантыға келіп жиектеп, Түймекентке келіп... осыдан ары қанша жер? Ұланның ұршығыменен Шоқпардан бергі ылди қанша жер? Қантауы, Байғара, Әулиеатаға дейін қанша жер? Іленің бас жағы қанша жер?..Сонда Төле би менен Бұқар төре:

—Апырмай, жас бала болып тұрып мұнын бәрін қайдан білесің?—дейді. Төлеберді:

—Әрбір адам баласы туған жерін, кіндік қаны тамған жерін білуі міндет,—деп жауап береді. Төлебердінің сөзіне Абылай жығылып, Таласқа дейінгі жерді алып тоқтайды. Бірақ қазақ-қырғыз іші мұныменен тынып қалмасын білген Абылай Төлебердіні «Ақ үйлі елші» деп атап, өзіменен қоса қазаққа алып кетеді.

«Абылай хан заманында Шанышқылы Бердіқожа батырды жерге таласып, кектесіп жүріп, руы аздығынан өштескен дұшпан, өсіп-өнген ру туғаны көптігінен ұстап алып өлтірейін деп жатқан екен:

Туысқаны аз ердін ерлігі зая,
Тілеуқоры жоқ ердің еңбегі зая.
Екіден кіші балам
Ержеткен соң, бәлем,
Қаратал-Қояндыға қосыңды тая!—

деген екен. Сол айтқаны айтқандай болып, екіден кіші, үшінші баласы ержетіп, ат арқасына мінген соң, әкесін өлтірген екі ағайынды неме екен, сол екеуінің бірін Қаратал-Қояндыда өлтіріп, бірі қашып: «Бұл Арқада болсам, мені тірі қоймас»,— деп Бұхара жаққа кеткен екен. Соны қоймай қуып барып, сол Бұхарада жүрген жерінде өлтіріпті. Бердіқожаны жоқтаған жоқтауында айтылған екен:

—Мінгені Бердекемнің қара ала аяқ,
Жау, шіркін, кескілепті-ау аямай-ақ.

Бердіқожа батыр балаларын сынағанда, былайша сынайды екен. Үйелмелі-сүйелмелі үш баласы болыпты, бір-бірімен тетелес туған.

Бір пышақтың сабын жерге тіреп, ұшын жоғары қаратып, балаларына:

—Ана жақтан домалап келіп, мына пышақтың үстінен өтіңдерші,—дейді екен.

Үлкен екі баласы домалап келуін келіп, дәл пышаққа жақын келгенде, тайқып, жалтарып аунайды екен. Екіден соңғысы пышақпен жұмысы жоқ, жалтармай-бұлтармай аунайды екен. Пышақты өзі жалтартады екен.

...Өзін жау өлтірерін білген соң жолдасына айтқан екен:

—Жау жерінде қалдым ғой, менің сүйегімді алып кете алмассыңдар, бір бармағымды кесіп алып, маңайлас жерлеріңе көм де, соған там салып, «Бердіқожа тамы» атандырыңдар. Мені есіне алғандар дұға қылып өтер,—деп.

Дағанделі өзенінің жағасына там салыпты, шошақ мола күні бұл күнгіше кұламай тұр деседі. Дағанделі өзені Қарқаралыға қараған елдің шетінде, Көкшетау, Дуана тауларынан көрініп тұрады. Жүргіншінің қара жолының үстінде, Жетісу барғандар: «Қозы Көрпеш—Баян тамын көрдік, Шанышқылы Бердіқожа тамын көрдік,—деседі.

—Тауыңның Арқар деген аты—Кұлжа,
Жігіттер, атқа түйе тегін олжа.
Хан Абылай аттанады дегенді естіп,
Келіпті Шанышқылыдан Бердіқожа!—деген ба-
тыр осы!..

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз