Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ-қырғыз шабысы (4-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Абылай әскерін үшке бөледі. Бірінші қолды Садырға қарсы Таласқа жібереді. Екінші қолды Қорғантының басындағы Солтыларға жөнелтеді. Үшінші қолменен Әулиеатаға өзі келеді. Бірінші қол Садырды тыпыр еткізбей басып қалады. Садыр балаларымен қолға түседі. Абылай Әулиеатаны алып, екінші қол кеткен Солтыға қарай аттанады. Солтылар Қорғантының беліне бекініп, Момақан, Жайыл, Кебек би бас болып, Үсен, Теке, Итеке қорғап жатқан екен. Олар қатты қарсылық көрсетіп, Абылайдың екінші қолын қашырады. Бірақ Абылай көп қолменен келіп қалып, солтыларды талқандайды. Жайылды балаларымен қолға түсіреді. Момақан елімен қолға түседі. Осы кезде Шоңұрдан асып, сарыдан Қубілек, Қолпаштар келеді. Олар Солтылардың қолы екен деп Абылайдың әскеріне ұшырасып талқандалады. Аспараны асып, Садыр ханның Арзымат деген інісінін ұлы Тумаби Сейітке келеді. Сейіт:

—Немене боллың?—дейді. Тума би:

—Немене болсын, ерлігінен Солты өлді, есі жоқтығынан Қубілек пенен Қолпаш өлді,—дейді. Абылай Садырды Жорғаның белінде басып қалған екен. Бұл соғыста Құсшы, Сары, Саяқ, Солтыдан көп кісі өлген, көп кісі қолға түскен. Абылайдың қолы Соқулық суынан қайыра тартып кеткен. Есенкұл әскерімен Соқулыққа келгенде, Абылайдың қолы кетіп қалған болады. Есенқұлға Кебек би жолығып, қазақтардың кетіп қалғанын айтады. Есенқұл Аспарадағы Тұма биге кісі жібереді. Тұма би келеді. Ол Төлебердінің қайын атасы болатын. Есенқұл, Кебек би, Тұма би сөйлесіп, Төлебердіні Абылайға екінші қайыра елшілікке жібермек болады. Абылай қырғыздарды шапқаннан кейін Үшқайыңдыға тоқтап, дар құрып, Садырды балаларымен өлтіреді. Солты елінен Қоңырбайдың ұлы Жайыл, Үсен, Теке, Итеке ұлдары, Қосай ұлы Момақан қолға түскен. Оларды да Абылай дарға тартпақ болады. Сонда Момақанның досы Жауғаш Абылайдан:

—Бір досымның қанын бер,—деп сұраған екен. Абылай:

—Бердім,—деп қалады да, досың кім еді?—деп қайыра сұрайды.

—Момақан,—дейді Жауғаш.

—Әттең, болмас-дүр, сөзім аузымнан шығып кетті,—деген екен Абылай. Жауғаш қуанып Момақанға келеді:

—Сені Абылай босатты, досым, кетсең болады,—дейді. Сонда Момақан:

—Сарт құл өлтіре берсін, жеті әйелдің балалары орнымды жоқтатпайды, өлімнен қорықпаймын. Одан да менің орныма ағам Жайылды алып қал, елге бас-көз болсын,—дейді. Жауғаш Жайылға барып айтады. Жайыл:

—Мен жасарымды жасадым, менің орныма үлкен балам Үсен қалсын,—дейді. Үсен:

—Інім Теке аман қалсын,—дейді. Теке:

—Менің балаларым бар, үйленіп үлгермеген Итеке қалсын,—дейді. Сөйтіп Итеке аман қалады.

Есенқұл, Қашыке, Тұма би, Кебек би, Солты Жамансартқа келіп:

—Ұлың Төлебердіні бер, Абылайға елшілікке жібереміз,— дейді. Төлебердінің анасы Жақсылық шырылдап жылап:

—Жібермеймін!—дейді. Есенқұл:

—Төлеберді сенің ғана балаң емес, ел баласы, елдің баласын өзіне бер!—дейді. Төлеберді Абылайға бармақ болады, енді бұлар барғаннан кейін айтылмақ кепті ақылдасады. Есенқұл:

—Қазақтарға немене керек?—деп Төлебердіден сұрайды. Ол:

—Белгілі емес пе, қазақтың іздегені—жер, қоныс. Бердіқожаның қалағаны—құн, мал. Төлебердіден қырғыздарға қараған жерді сұрағанда:

—Басы Үш Алматы, Сарытауқым, Қызылқия, Санташ, аяғы Бетегелі Қойтас, арғы жағы Қашқар, Үрімші деп қырғыз жерінің шегін нақты айтып береді. Бұған разы болған қариялар Төлебердіні Абылайға жөнелтеді. Абылай Төлебердіні қабыл алып:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз