Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сатай батырдың алғашқы олжасы

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Бірде Сатай, Жәментік би, Бөлтірік атты бала үшеуі Дәулет деген байдың үйіне қонаққа барады. «Сатай батыр, қал-жағдайың қалай?»—деп Дәулет құрақ ұшыпты. Алдарына әкеліп сары қымызды сапырыпты, бір кезде қасынан онша қашық емес жерде жатқан шөмішті алып, Бөлтірік бала қолтығына тығады. Дәулет бай балаға қарап күліп:

—Балам, ұнатсаң, ала ғой.

—Астауымен бермеген шөмішіңізді қайтемін,—деп Бөлтірік шөмішті далаға лақтырыпты. Сөзге тұрған керемет заман ғой, Дәулет бай бір сөзге келмей Бөлтіріктің қанжығасына астау мен шөмішті қосып байлап беріпті. Былай шыға бере Жәментік би:

—Бала, алғашқы олжаңды бізге бер,—дейді. Сатай батыр биге жалт қарап:

—Ей, Жәментік! Бұл сенің даудан тапқаның емес, менің жаудан тапқаным емес, баланың бірінші олжасы—өзінікі,— депті.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз