Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Балғынбек айтысы (10-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Балғынбек Имашев · 2 мин оқу

Ал, Бәке, қарап тұрсам тарлансың ба,
Немесе асқақтаған заңғарсың ба?
Төмен қарап ойланып кеттіңіз ғой,
Айтылған әңгімені аңдарсың ба?
Сүгірдің термесіне салған кезде,
Әуені әдемі деп тыңдарсың да.
Екінші домбыраңды алып едің,
Болмайды мұндай жерде жалғансуға.
Тағы да шайыңды айтсам ренжіме,
Сен шөлдеп шыныменен қалғансың ба?
Бірінші домбыраңыз қолыңда тұр,
Жып еткізіп ауыстырып алғансың ба?

Дегендей енді маған қазақ келсін,
Қалайша бұл ағаңды шабан дерсің?
Жүрсін ағаң көрсетті қолыменен,
Жаңағы өзің айтқан маман дерсің.
Қолында бір домбыра қазақтардың,
Ұшы үшкір үш найзасы аман болсын.

Балғынбек:

Ау, Мәке, сенің тегің айдан бе екен,
Домбырам қолымдағы найзам ба екен.
Саған қарсы қос найза алған жоқпын,
Маған деген ниетің қандай бөтен.
Сүйінбай да дат айтқан Тезек төреге,
Немене екі сөйлер айуан ба екен?
Баймағанбетке дат айтқан Шернияздай,
Табынының бүрі оның тайған ба екен?
Сен өзі баба салтын білмеймісің,
Әңгімең болмады ғой шайдан бөтен.
Домбырам қаруым емес, аруым ғой,
Ештеңе түсінбейтін, қайран көкем!

Мэлсті олай-бұлай шымшылайын,
Ағайын көңіліңнен бір шығайын.
Термелерді айтшы деп бір сынадың,
Рұқсат етсең мен де оны бір сынайын.

Ақындар жекпе-жекке жең түріпті,
Құлағын екеумізге ел түріпті.
Шындықты айтсақ жақпаймыз шекпендіге,
Кел, екеуміз айтайық өтірікті.

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Таппайсың біздің елден кемшілікті.
Шекарада бір қазақ түшкіріп қап,
Отыз екі өзбекті өлтіріпті.

Айтайын шындық сөзді ең көрікті,
Құлақпен естігенді көз көріпті.
Қазақтар жер бетіне сыймайды деп,
Қытайлар шығыс жақтан жер беріпті.
Елімнің байлығын сен байқаймысың,
«Доллар» мен «евродан» теңге мықты.
Қаланы ауыл бүгін асырап тұр,
Себебі керегесін кең керіпті.
Қалалықтар ауылға көшіп жатыр,
Әкімдері болған соң елге құтты.
Келімсекті қуып тастап кеңсесінен,
Оралманға билік пен төр беріпті.

Тіл білмесек қызметсіз қаламыз деп,
Барлық ұлт қазақ тілін меңгеріпті.
...................................................
Тіл білмейтін мәңгүрттер сенделіпті.
Қытайдың қызын алып жігіттерім,
Күшік күйеу болуды жөн көріпті.
Таласып тауарыма Қытай біткен,
Жылтыраққа жабысты ең көрікті.
Пекиннің де базарын жаулап алып,
Қазақ осы қоймайды-ау, пенделікті,

Бұл менің шындық сөзім ең көрікті.
Қоздырды демегейсің пенделікті,
Осылай өтірікті айтып көрші,
Ел білсін сен бе мықты, мен бе мықты.

Мэлс:

Балғынбек құманына ой салыпты,
Тыпырлатып қалтаға қол салыпты.
Байқасаң екеуміз де мықты емеспіз,
Жәшікке талай адам гол салыпты.
Түсім емес өңімде қарап тұрсам,
Алматыға Храпунов жол салыпты.

Шенеуніктер қарасам есікте жүр,
Білмеймін теріс кеткен несіп пе бұл?
Ал енді әрі қарай жалғастырсын,
Өзіңнен әңгімені естіген ұл.
Әбсаттар дінбасымыз әңгіме айтып,
Рәтбек қажыменен мешітте жүр.

Бұл-дағы сынайтұғын отың екен,
Емессің бұл ақынның несі бекем?
Балғынбектер арт жаққа кетіп қалып,
Айтақынмен айтысып отыр екем.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз