Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балғынбек пен Ринат айтысы (6-бөлім)

Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов · 2 мин оқу

Қандастар келіп жатыр арғы жақтан,
Азаттық олар үшін мәңгі мақтан.
Өз елім өзегімді талдырмас деп,
Үміт қып көкірекке шамды жаққан.
Қазақтың кәсіпкері Оразымбай,
Қытайда іскерлікпен тау құлатқан.
Шыңжанда алтын тағып ардақтапты,
Шыққан соң бар мақсат пен бар мұраттан.
Біріккен кәсіпорын ашамыз деп,
Қаржыны тартқан екен әлгі жақтан.
Кәсіпорын түгілі сайтан да жоқ,
Сақалын саудаға сап салбыратқан.
Мол қаржыны қалтаға басып алып,
Қаңғыртып қандасымды қалжыратқан.
Әділдікті табам деп Орекең жүр,
Көз ілмей әрбір атқан танды баққан.

Ринат сөзден сабақ ала білді,
Мен сенің қайтармайын талабыңды.
Серттен тайған кезі жоқ Елбасының,
Байқап ат, билік жаққа садағыңды.
Елбасы оның бәрін көрмейді ғой,
Әйтпесе қақ жарар еді қара қылды.

Айтысқан он алты ақын «дорогойың»,
Ішінде Ринат еді «молодойың».
Басталды жекпе-жегің «один-один»,
Көрдіңдер «без правил супер бойын».
Қарлығаш, Сарам-ай,
Серіктей ағам-ай,
Аманжол, Мэлспен,
Шырынбек, Рүстем,
Мұхтар-ай, Ермек-ай,
Айбек-ай, Арман-ай.

Дәулеткерей дауылпаз,
Оразалы ортеке,
Әбілқайыр арғымақ,
Балғынбек бар Имаш-ай
Шамаң жетсе сыйлас-ай.
«А я тебя убью Ринат-ай».

Қарағым, айналайын, «черный көзім»,
Аман ба, Семей менен Аякөзің?
Мен едім ақындарда «тяжеловес».
Таяқты жейсің бүгін жалғыз өзің.

Қарлығаш Сарам-ай,
Серіктей ағам-ай.
Аманжол, Мэлспен,
Шырынбек, Рүстем,
Мұхтар мен Ермек-ай,
Айбекпенен Арман-ай.

Дәулеткерей қимас-ай,
Оразалы сыйлас-ай,
Әбілқайыр Ринат-ай,
Балғынбек бар Имаш-ай,
«Все равно тебя, люблю, Ринат-ай».

Ринат:

Айтысқа қосар ақын үлесің бай,
Бұл көрсеткен Ринатқа күресің қай?
Орысша қосып сөйлеп өлеңіңе,
Миықтан паң қарап та күлесің жай,
Ағайын көрдіңдер ме тіл қорғайтын,
Астана ақынының түрі осындай.
Тіл жағын осы ақындар қорғай ма елім,
Күтті ғой талай-талай құла белің.
Астанада жүрсің ғой Парламенттің,
Жанында мен өзіңді сынар едім.
Байқаймын өзіңде де бір қуыс бар,
Әйтпесе бойға таққан тұмар едің.
Қасыңа бес ағаңды ертіп алып,
Алдына Парламенттің шығар едің.

Дегенде, Балғын көкем, алғыр көкем.
Саудалап шиновниктер алдыма екен.
Сен жаңа жайын айттың оралманның,
Ұғады әр нұсқасын әрбір мәннің.
Балғынбек ендеше атап мен айтайын,
Елім деп кеше күні оралған кім?
Жерім деп бауырларың сағынып кеп,
Дырдай боп туған жерде тоналған кім?

Егер де басы істесе біздің үкімет,
Соларға ерекшелеп сый бөлмей ме?
Ең болмаса Мұстафаның анасына,
Алматыдан дені дұрыс үй бермей ме?
Әр нені қозғай бергіш, қайран жездем.
Шындықты Ринаттан үйренбей ме?

Балғынбек тағы біраз толғайсың ба,
Алмақсың енді мені, қандай сынға?
Жаңағы орысшаңа өкпем бар-ау,
Сен осы әр сөзіңді талғайсың ба?
Жат тілді әкелем деп сахнаға,
Жағам деп бұл қазаққа ойлайсың ба?
Немене бояушы деп айтқан сайын,
Бір күні сақалыңды бояйсың ба?

Шығарсың жүрегімнен бір ырғақ жыр,
Болса егер ел дегенде үнімде нұр.
Тілім деп Нұртай менен Амангелді,
Ағалар айтыс жасап зырылдап жүр.
Тұрсынбек Кәкішов пен Құл-Мұхаммед,
Тілді қалай көтерем деп шырылдап жүр.
Ал жездем болса келіп бір-екі ауыз,
Білетін орысшасын шығындап жүр.
Білмеймін бұл алаштың ақынының,
Ауызын кімдер бүгін тығындап жүр?
Ел аман, жүрт тынышта айтысқа әкеп,
Жаманды бұл Балғынбек ырымдап жүр.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз