Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Балғынбек айтысы (2-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Балғынбек Имашев · 3 мин оқу

Мэлс:

Балғынбек ұлтым деген ұлмын дейді,
Айтысып, арпалысып жүрдім дейді.
Басыңды олай бұлай қисайтасың,
Бір қызық болатыны қырғын дейді.
Жүрсін ағаң ақын ғой сен сияқты,
Жырлары жүрегінде ырғын дейді.
Қазылардың қадамы құтты болсын,
Хикаяға толы ғой бұл күн дейді.
Ұмсынып қаршығадай қазды алмаққа,
Балғынбек алдыңызда назданбақ па?
Қыздан алғыс, қарғыс ап келіншектен,
Жүруші ең саясы көп саздау жақта.
Айлалы ақындардың біреуісің,
Кетесің айқай-шуы аздау жаққа.
Бұл айтыс болғаннан соң айқай болар,
Көңілін көрерменің салған жоқ па.
Біреулер мұнай үшін жеңеді деп,
Біздің де мазамызды алған жоқ па.
Ағайын ажыратыр ақ-қарасын,
Айтылған сөзде сірә талғам жоқ па?
Балғынбек енді саған бірдеме айтсам,
Ескіні қозғаудан түк шаруаң жоқ па?
Серік Құсанбаевпен айтысқанда,
Өзіңді «Жас алашқа» жазған жоқ па?!
Балғынбектің жеңгенін қалың қауым,
Бал ашып біле ме деп қалған жоқ па?!
Газетте не жазғанын түсіндіріп,
Айтудан басқа сенің шаруаң жоқ па?!
Көзіңе түскендерді түртпектемей,
Өзіңе қарайтұғын айлаң жоқ па?
Орысша қыстырайын өзің құсап,
Осыларды ойдайтын «мозгаң» жоқ па?

Жүретін жүрегім жыр, ән кеудем деп,
Ақындар сын айтқанға ар көрген жоқ.
Сәкен ағам қазақтың мықты ақыны,
Өлеңнен қашан ағам ай көрген жоқ.
Інісіне ұрысса айып па екен,
Тағы да осы айтысқа жай келген жоқ.
Жұтқыншағың бүлкілдеп отырсың ғой,
Шай емес алдыңызда май көрген боп.
Халықтың ықыласын көрмейсің бе,
Демессің әр сөзіне мән берген жоқ.
Айтпақшы ұпай жайлы әңгіме бар,
Сен айтқасын бұл жерде таң көргем жоқ.
Телефонның біреуін саған берді,
Қоңырауды, кәнеки, шал бермен деп.
Тағы да қасыңдағы жәшігің бар,
Демессің оны-дағы аз берген жоқ.
Айбекпенен атақты айтыс болды,
Оны бірақ ағаңыз шам көрген жоқ.
Бізідікін шуласа да жұрт көрді ғой,
Сенікін сенен басқа жан көрген жоқ.

Балғынбек:

Халықтың айтыс деген мұрасы екен,
Қалың ел барлығының куәсі екен.
Мен саған газет жайлы түк дегем жоқ,
Жалғандық жардан дәйім құласа екен.
Телефонмен дауыс беріп көріп едік,
Тамыр-таныс, аталас, құдасы екен.
Аққа құдай жақ болмай шықты бірақ,
Мұнайдың озатыны рас екен.
Жылап қайта көрістік қазылармен,
Сынаса осылар-ақ сынаса екен.
Жасайтынын білдірмей жіберетін,
Жұрттан гөрі «жюрилер» жуас екен.

Деген соң қалың қауым ақын бізді,
Халыққа ой айтайық ақыл-ізгі.
Астананың ақыны алтау едік,
Бастаған Аманжолдай батыр бізді.
Мэлспен жекпе-жекке шығасың деп,
Әуелі Шырынбекті шақырғызды.
Шаққанын шыбын құрлы елеместен,
Тақырға Мэлс оны отырғызды.
Елбасына дат айтқан Айбегімнің,
Сөздері сең секілді көпір бұзды.
Бәйгенің алдын бермес Айбегімді,
Бұл Мэлс тұңғиыққа батырғызды.
Бұл жолы Балғынбекке қарсылас қып,
Өлеңнің бал қымызын сапырғызды.
Құдайға күнәкәр боп Жүрсін ағам,
Мұнайға тұншықтырып жатыр бізді.

Мэлсжан, сен ескен соң есіп тұрмын,
Бұл жерде артық айтсам кешіп тұрғын.
Серікпен айтысымыз бітпей қалды,
Өзім де ол айтыста шошып тұрдым.
Одан кейін Сарамен айтысқанда,
Бір сағатқа эфирді кешіктірдің.
Бұл айтыс болады ма, болмай ма деп,
Артында шымылдықтың тосып тұрдым.
Жүрсін мені қолдайды дейсің бе сен,
Мінеки, Қосымбаевқа қосып тындың.
Жынды қыла берсеңіз, Жүрсін аға,
Енді айтысқа келмеймін деп шешіп тұрмын.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз