Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Балғынбек пен Ринат айтысы (4-бөлім)

Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов · 2 мин оқу

Бір өзің болғандайын дара құнды,
Сен маған қарсы қойдың жаңа кімді?
Дін жайлы толғанасың елге келіп,
Ашқандай жүректе бір парағынды.
Сен сонша діншіл болсаң айт, Балғынбек
Тастадың не себептен намазыңды?
Зор болса исламның келешегі,
Бұл ойды Ринат бүгін, елесе еді.
Бұлайша ойлы болып көрінгенмен,
Санаңнан сенің талай жел еседі.
Намазды орта жолда тастап кеттің,
Күндеді деме мұнша неге сені.
Бір барып, қайта қайтып кететіндей,
Ислам қайын жұртың емес еді.

Бұл Балғын айтыс сайын толушы еді,
Жоқ-ау деп келешекте оның шегі.
Айтыстан бір күн бұрын бұл жездеміз,
Семей деп жақсы түстер көруші еді.
Семейді ертең күні облыс боп,
Қалады деп тағы да жүруші еді.
Ойланбай он бес дауыс бере салып,
Менің де көңілім соған толушы еді.
Бірақ та облыс болған Семейім жоқ,
Ринат тек жақсыға сенуші еді.
Әй, тегі, саған сенген мен де ақымақ,
Бұл Балғын қашан жақсы оңушы еді.
Тегінде үкіметтің ауылында,
Қай кезде қандай шындық болушы еді?!

Тексерейік, Балғымбек,
Тәуіп болған ісіңді.
Қарсы алдымда отырсың,
Бейне бір молда мүсінді.
Ашық менмін балдызың,
Тап демеймін ішімді.
Осылай сөзді бастасам,
Ұйқасынан шумақтың,
Балғымбек бәрін түсінді.
Ал енді саған айтайын,
Өзімнің көрген түсімді.

Мен де өзімді жырласам,
Келмейді саған қауіп бір.
Аякөзде той болып,
Жасанып битімдей тауым тұр.
Қарсы алдымда со кезде,
Қол соғып үлкен қауым тұр.
Сол қауымнан Ринат,
Бір бақытын тауып тұр.
Басқа түгіл көгімде
Маңдайыма шуақ ауып тұр.
Айтақындай ағам кеп,
Аяғыма етік кигізіп,
Үстіме шапан жауып тұр.
Осындай түсті жырласам,
Ішінен маржан теріп көр.
Балдызыңа енді жауапты
Дұрысынан беріп көр.
Шынымен болсаң көріпкел,
Осы түсімді жорып бер?

Балғынбек:

Ау, Ринат, өзгермейтін қағидам бар,
Бойыңда сенің-дағы ар-иман бар.
Ол рас, намазға мен жығылғанмын,
Мешітке тартқандықтан әр имамдар.
Бірақ та бір жағымда уахабистер,
Бір жағымнан кеп қалды талибандар.
Солардың ниетінен шошып қалдым,
Менің-дағы бойымда зор иман бар.
Қарағым, иман менің жүрегімде,
Тілімде қулқу алла, кәлимам бар.

Балдызым бар сырымды біліп алды,
Жырыңмен дүрліктірдің ұлы залды.
Тойға барып нәпақа таптым дейді,
Ринат өзін өзі іліп алды.
Көмек берсең қайда қалдың деп отыр ғой
Балдыздар мойнымызға мініп алды.

Сен өзің Семейді айтпай тұра алмайсың,
Әр кезде Қабанбай деп ұрандайсың.
Қабанбай бар қазақтың әулиесі,
Ұлтқа ортақ тұлға екенін ұға алмайсың.
Қуандықов біліпті қулығынды,
Түлкінің құйрығындай бұлаңдайсың.
Өскен елің Семеймен кіндігі бір,
Өскеменді аузыңа бір алмайсың.
Баламер Сахариев ағаңыз бар,
Шыңымен талас өскен шынардайсың.

Оралхан Өр Алтайдың Кербұғысы,
Қарайсың күмәнменен бұған қайсың.
Атбегі Кітапбаев Бошайың бар,
Сен қазір сол баптаған құнандайсың,
Қалихан қара сөздің боз жорғасы,
Әр сөзін таң асырып тұмарлайсың.
Қасым ағаң қайсарлықтың қолтаңбасы,
Қолда барда қадірін біле алмайсың.
Төлеген Тоқтаровтай батырың бар.
Қылышы болсаң оңай сына алмайсың.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз