Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Балғынбек айтысы (5-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Балғынбек Имашев · 2 мин оқу

Мэлс:

Қалайша бұл айтқанға көп шыдарсың,
Ағайын енді сөзді естіп алсын.
Ақиқат іздейтін тек сен екен ғой,
Беліңді сол жолда сен бес буарсың.
Мен саған Махамбетпін деген жоқпын,
Қуалап ертедегі көш қуарсың.
Аталардың ақырған орны бөлек,
Аруағын тек өзіңе дос қыларсың.
Басыңды шайқай берсең түсінбеген,
Сен қазір Исатаймын деп шығарсың.

Бері қара Балғынбек,
Айтысар болсаң Мэлспен.
Табысқандай боларсың,
Өлеңдегі өріспен.
Жеріңді сатып жатырса,
Желіңді сатып жатырса,
Қайда кеткен азамат,
Әділ сөйлеп келіскен?
Астанада сен жүрсің,
Өлеңнің суын тең ішкен.
Үндемей қалып сол жақта,
Осы жерге келгенде,
Сыбырлай ма періштең.
Шынымен енді сынассаң,
Желмен бірге өріліп,
Сырмен айтып кетеміз.
Ойға салып өлеңді,
Шапқылатып әрі-бері,
Қырмен айтып кетеміз.
Жеті-сегіз буынды,
Атадан қалған нұсқа бар,
Солардан бүгін жаңғырып,
Үнмен айтып кетеміз.
Бастағанды тоқтатпа,
Үзіліске шыққанша,
Сен осыған келіссең,
Жырмен айтып кетеміз.

Балғынбек:

Тай дей ме, Мэлс мені бесті дей ме,
Ессіз дей ме жоқ әлде есті дей ме?
Балғынбек сахнада шындықты айтса,
Ел алдында өтірік бөсті дей ме?
Елге менің сөздерім жақпай жатса,
Балғынбек ақын болып өсті дей ме?
Мэлс аға, соншалық кещемісің,
Сыбырлағанды құдай естімей ме?

Сылтау айтып, бұл Мэлс,
Жылады ма, ой, дүние-ай.
Жауап берем мен енді,
Сұрағыңа, ой, дүние-ай.
Кел екеуміз қосылып,
Зарланайық, ой, дүние-ай.
Жетер ме екен Патшаның,
Құлағына, ой, дүние-ай,
Қазағым-ай, азабым-ай,
Парламенттен болды сенің
Ажалың-ай, ой, дүние-ай.
Дінім мақау, тілім сақау,
Ақ ешкінің күнін кештік,
Кенен ата-ау, ой, дүние-ай.
Өгейлігін қарашы,
Үкіметтің, ой, дүние-ай.
Шаранада тілімді,
Шетін еттің, ой, дүние-ай.
Қарғыс болып тимесін,
Қайта айналып, ой, дүние-ай.
Шетке кеткен көз жасы,
Жетімектің, ой, дүние-ай.
Сенатым-ай, саңғырдым-ай,
Халқымызды жібердің ғой,
Қаңғыртып-ай, ой, дүние-ай.
Мәжілісім, мәңгүртім-ай,
Сен болдың ғой тіске түскен,
Қанқұртым-ай, ой, дүние-ай...
Таппай айтқан сөз жетім,
Жүйесі жоқ, ой, дүние-ай.
Жұғып кетер Балғынның,
Күйесі жоқ, ой, дүние-ай.
Елге айтамын Елбасы,
Сен де тыңда, ой, дүние-ай.
Бізден басқа бұл тілдің,
Иесі жоқ, ой, дүние-ай.
Нұрағам-ай, ірі ағам-ай,
Тірегі жоқ тіліміздің,
Құлағаны-ай, ой, дүине-ай.
Төрдегі аға, елге қара,
Сорлы еліңнің соңғы үміті,
Сенде ғана, ой, дүние-ай.

Мэлс:

Балғынбек қасымыздан қашықтама,
Демессің біздерді де жасық бала.
Неге сен қарап тұрып бұлданасың,
Бұрынғы ескі әдісті машықтама.
Ағаңды кеще дейсің, жынды дейсің,
Сен онда тау суындай тасып қара.
Біреудің ақылында нең бар сенің,
Алдымен өз басыңды ашып қара.
Ағайын бізге қарай таман келсе,
Қол соқпас және отырып шабан келсе.
Әр ақын өз тілінде сөйлемей ме,
Қашанда алмағайып заман келсе.
Мен бе екен үкіметке жалпылдайтын,
Қашатын қорқатындай қабан көрсе.
Ешкімге айтпасын деп жатқан жоқпын,
Жақсы ма, өзі білсін жаман көрсе.
Балғынбек, шыныменен батыр болсаң,
Хан ордасын шауып ал шамаң келсе.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз