Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мейірбек пен Жарқынбек айтысы (2-бөлім)

Мейірбек Сұлтанхан, Жарқынбек Наушабеков · 2 мин оқу

Бейкүнә періштедей аппағым-ай,
Ойланып сол болды ма тапқаның-ай,
Меніменен қай ақын айтысса да,
Бойымнан бір кемшілік тапқан ұдай.
Мейірбек, сен мынаны ұмытпағын,
Қашанда айтам мұны мақтанып-ай,
Шашсыз ақын болсаң да мәртебе ғой,
Бассыз әкім болудан сақта Құдай!

Армысың ару Алматым,
Халқының адал ары ақ.
Өзінде туып сан дүлділ,
Бұтағын жайды тамыр ап,
Жырымды тыңда ағайын,
Ұлыңның сөзін қабыл ап,
Бірлікті биік ұран қып,
Сенде өтті талай саңылақ.
Даналар өткен бұл жерде,
Даланың білген заңын ақ.
Бабалар өткен бұл жерде,
Қорғаған елін қару ап,
Ақын да өткен бұл жерде,
Осы елге біткен бәрі бақ.
Әлемге мәшһүр атағы,
Ер туған талай баталы,
Жақсы мен жайсаң отаны,
Армысың қара шаңырақ.

Қабылан жүрек қаһарман,
Қазақта қанша нарлар бар.
Отан үшін от кешіп,
Алғысын елдің алғандар.
Осында отыр қаншама,
Ардагерлер арландар.
Соғыстың өтіп өртінен,
Таймастан берген сертінен,
Оққа төсеп кеудесін
Атойлап ұран салғандар.
Адал болып антына,
Сөз келтірмей халқына,
Ақ қар көк мұз жастанып
Тауқымет көрген тарландар.
Күш қайратын шақырып,
Арыстандай ақырып,
Ажалдан да қаймықпай
Ордасын жаудың жарғандар.
Сондай күнді көрмеген,
Біздерде қандай арман бар.
Сыйлап бізге жеңіс күн,
Туын жаққан немістің,
Құтты болсын тойларың
Берлинге жаяу барғандар.

Отырсам інім мені қолдайды деп,
Бұл інім жасымды айтып толғайды кеп.
Үлкеніміз Серік пен Аманжолға,
Сенуші еді қанатын қомдайды деп.
Олар да сахнаға шықпай кетті,
Халық та сұрап еді ол жайлы көп.
Одан соң жас бойынша біздің кезек,
Мейірбек айттың жаңа мен жайлы көп.
Одан да айтпайсың ба айтыстағы,
Ағаларға қойындар ондайды деп.
Қырыққа жетпей ақындар сахнадан,
Кетіп жатыр айтсайшы сол қайғы деп.
Ақындардың кәрісі дедің мені,
Кәрі боп отырғам жоқ шалдай жүдеп.
Ол рас сенен біраз үлкендеумін,
Жүрмегейсің көңілім толмайды деп,
Сонда да өзіңменен айтыспақпын,
Өнердің шекарасы болмайды деп.

Сарыағаш таздың емін таппағандай,
Деп інім әз басымды таптағандай.
Ал өзінің ілмиген түрін мынау,
Ішіне ішкен асы жақпағандай,
Өзінді нар тұлғалы деп естуші ем,
Мақтаса бар екенсің мақтағандай,
Күнге тосса өкпесі көрінетін,
Ай бойы азық таппай жатқан аңдай,
Рентгеннен өткізген сурет құсап,
Терімен склетті қаптағандай,.
Шиелі сені әбден баптапты ғой,
Аралдың ақ балығын қақтағандай,
Батырлар жайлы кино түсер болса,
Жайың бар басты рольді ап қалардай.
Мысалы, Қабанбайдың фильмінде,
Тұрқың бар найзасына сап болардай.

Мейірбек:

Таза алтынның бойында тат болмайды,
Жақсыны жақын түгіл, жат қолдайды.
Қазыбекті арық би деп атаған,
Інің қалай тарихты ақтармайды.
Арық деп мың теңеуді айтқаныңмен,
Мейірбек ел алдында мат болмайды.
Найзасына сап болар жігітсің деп,
Ағамыз неменесін аттандайды.
Өз сөзіңнен өзің кеп ұсталдың ғой,
Сахнада тудырып жоқтан қайғы.
Осыдан-ақ көрініп тұрған жоқпа,
Осал ағаш найзаға сап болмайды.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз