Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұхтар мен Айбек айтысы (4-бөлім)

Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев · 3 мин оқу

Күні жоқ қалмақтарға тыным берген.
Осындай асылдардың сынығы еді,
Бұхарбай сан майданның сынын көрген.
Алла деп, Алаш үшін атқа қонып,
Жоқ еді дұшпандарын шыбын көрген.
Батырдың Бұхарбайдай аты өшпейді,
Соңғы қазақ кеткенше жұмыр жерден.

Халқына ер Бұхарбай тыныс болған,
Қолына азаттық деп қылышты алған.
Таратқан алты Алашқа батыр атын,
Күмісқорған түбінде бір іс болған.
Қазақтың қанын теспей, сорып ішкен,
Хиуаның қолында екен Күмісқорған.
Мысық би, Байқадам мен Қабан батыр,
Дұшпанға қарсы тұрды тынышталған.
Бұхарбайдың он жеті жасар кезі,
Ат жалын тартып мініп, ту ұстанған.
Хиуаның бас батыры Жұманияз,
Мерт болды жекпе жекте құрыш қолдан.
Батырдың даңқы кетіп сахараға,
Осыдан соң Сыр бойы тыныш болған.
Қосылып Хан Кененің қосынына,
Мүддесін азаттықтың шын ұстанған.
Байқалды Бұхарбайдың қайсарлығы,
Ақмола, Созақты алған ұрыстардан.
Толғатып толағайдай ұл тудырған,
Табындар құрсағына ырыс қонған.

Тұлғасы бұл Мұхтардың мүлде бөлек,
Жаныма жақын тарттым бірден елеп.
Жақсылығын айтайын, нұры тассын,
Жасырып жақсы ісіңді кімге керек?
Жайраңдап қарсы алмасаң Сыр елінде,
Тайраңдап бұл ақындар кімге келед?
Мұхтарымда құт бар деп Қызылорда,
Өзіңе жұма сайын жүлде беред.
Жақайымның тойынан жарап қайттың,
Жанкүйерің қарсы алды гүлге бөлеп.
Мұратбаев тойында мұратыңа,
Жеткізіп көңіліңді бірлеген ек.
Жүлденің де қалған ба миы айналып,
Сені айналып шықпай жүр шыр көбелек.
Қызылорда елінде сен боп тұрсың,
Ильядан кейінгі шын керемет.

Мұхтар:

Айекең көп нәрсені ұқпай жүр ғой,
Ол рас, Мұхтар туын жықпай жүр ғой.
Жүлде түгіл Жүкең де Қызылордадан,
Бір ай болды айналып шықпай жүр ғой.

Жүндеуге оңай дейді жуас адам.
Жол бермейтін жігітпін туа соған.
Айекеңдер асырып айтқанменен,
Көп нәрсеге көзімді жұма салам.
Шүкір бірақ еңбегім еленуде.
Ырзығын басқа тебер жыласа адам.
Бұл жерге жүлде алуға кеп тұрғам жоқ,
Бәрін айтпай болмайды сірә, саған.
Бірақ жиен не істесе де жарасады,
Өткеннен өздеріңе сыр аша алам.
Тамада Өмірбайдай би өтіпті,
Тарих баға береді рас оған.
Бір күні Бұхарбайға жолыққанда,
Іздесең табылады куә содан.
Астындағы ақбоз атын түсіп берген,
Өмеке, сыйлығым деп мына саған.
Тамалардың жақсы бір әдеті бар,
Бір асаған жерінен мың асаған.
Содан бері тақымым сәл суыса,
Табындардың еліне тұра шабам.

Жан емеспін кеудемде жыр қаңсыған,
Халық айтыс дегенде жылдам шығам.
Қылыш алып шықтың деп кінәлама,
Өмірімнің шырынын жырдан сығам.
Айтыстың басты шарты – айқасу ғой,
Жөн болар қылышпенен бір жаншыған.
Кебінге ұқсас киіммен кеп тұрған соң,
Алдыңнан, аға, қалай құр қол шығам.
Айналған ауаң шекер, суың балға,
Табындар, көтермеген туың бар ма?
Қас дұшпандар тұрады құты қашып,
Біздің ерлер қылышын суырғанда.
Қазақтар қуанды ғой, жаңағы айтқан,
Бөгет салған өзбектер қуылғанда.
Бірақ та одан бері қанша заман,
Айеке, білесің ғой, зуылдауда.
Батырлардың жоқтығын пайдаланып,
Өзбектерді көп нәрсенің буы ұрған ба.
Мақта менен басқаны пайдаланып,
Қысты ғой суыңнан да, нуыңнан да.
Мысық бидей ешкім де барған жоқ қой,
Әму менен Сырдария буылғанда.
Енді ғана қимылдап жатырмыз ғой,
Көк теңіздің ақ тұзын суырғанда.
Аралдың көні кеуіп жатпас еді,
Бұхарбай бұл заманда туылғанда.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз