Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйтекенің Қазыбекке қайтарған жауабы

Әйтеке би · 1 мин оқу

Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады, – деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? – депті. Сонда Әйтеке би:

Ораздының көрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының көрісі,
Қартайғанда қазымыр болады, – демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? – деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.

Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:

– Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, – дейді. Әйтеке:

– Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, – депті оған.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз