Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйтеке баланың тепкі дауына билігі

Әйтеке би · 1 мин оқу

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

– Ассалаумағалейкум, ақалар! – деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.

– Жолаушының жасы үлкені:

– Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

– Сейітқұл ауылы.

– Өзің кімнің баласысың?

– Бәйбектің баласымын.

– Есімің кім?

– Есімім Айтық.

– Қосуақ бидің үйі қайда?

– Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? – деп, сұрайды бала.

– Даулы болып келеміз, – дейді әлгі қарт жолаушы. – Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

– Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін күн, жабықта тепсе – жарты күн, түзде тепсе – төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын – дейді.

Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе – төрттің бірін шыдар – деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.

Сонда әлген баланың әкесі:

– Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар – деген екен.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз