Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сөздің атасы мен анасы

Қазыбек би · 1 мин оқу

Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер келіпті. Түстеніп болған соң Қазыбекке:

– Сізден бір сөз сұрайын деп едім, – депті. Бір керуен едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық: «Сөздің атасы кім, анасы кім?»

Қазыбек ойланып қалады.

– Япырай, өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз, – деп саудагер үйден шығып кетеді.

Қазыбек орнынан ұшып тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа мініп қалған екен.

Япырай, саудагердің ісі сарт-сұрт деген рас екен ғой! Артыңа қарамай аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы тағы келіп, саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. «Сөздің атасы бірлік, анасы шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңе айта жүр!»депті Қазыбек.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз