Қыпшақ пен Қаракесектің жайлау дауы
Қазыбек би · 1 мин оқу
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
– Арғынның арық биі сөйле. – депті. Сонда Қазыбек:
– Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, – депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.