Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Борбастың қара қасқа жорғасы

Қазыбек би · 2 мин оқу

Бағаналы Борбас дейтін байдың «Шаппай бер» атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.

Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге «жорғаны сұрап келсеңдерші» деген екен: «Тамырын басып көрейін», «Мә деп бере қойса, сұрайын». «Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой» деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:

– Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, – деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас – Шорман бала биді жұмсапты.

Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:

Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! – Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!

– Қандай бұйымтайың бар еді, сөйлей отыр? – дегенде Шорман бала:

– Ханнан сәлем әкелдім,

Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сияқты,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мұзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына...
Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, – депті.

Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.

– Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлықтан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,

Мына билерге рай бермей отыр едім, «Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды» деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. «Береген қолым алаған» деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, «Ханым да жомарт» дедің ғой», – депті Борбас бай.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз