Айрылысатын болған соң
1 мин оқу
Қожанасыр әйелімен жанжалдасып ажырасатын болып, биге келіпті. Би Қожанасырға:
—Жұбайыңыздың аты-жөні кім еді?—деп сұрақ қойыпты.
Қожанасыр:
—Оны өзінен сұраңыз, аты-жөнін білмеймін!—депті.
—Бұныңыз қалай, бірнеше жыл отасып, бірге өмір сүріп, атын білмегеніңіз?—депті.
Оған Қожанасыр ашуланыңқырап:
—Айрылысатын болған соң атын білдім не, білмедім не? Әйтеуір бір биенің құлыны ғой,—дей салыпты.