Бір сөзді болу керек (І түрі)
1 мин оқу
Бір қу Қожанасырдан:
—Қожеке, сіз осы нешедесіз?—деп сұрайды.
Қожа:
—Қырық жастамын,—дейді.
Он жыл өткен соң әлгі қу Қожадан:
—Қожеке, сіз неше жастасыз?—деп тағы сұрайды. Қожа тағы да:
—Қырық жастамын!—дейді. Сонда қу:
—Бұл қалай? Он жыл бұрын сұрағанымда қырық жастамын деген едіңіз ғой?—дейді.
—Адам бір сөзді болу керек,—дейді Қожа.