Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бөліп киейік

1 мин оқу

Базарға қауын алуға барған жолаушы ақшасы жетпей қалып, басындағы су жаңа қалпағын Қожанасырға сатады. Сатып алған қауынды Қожанасыр екеуі бөліп жейді. Қожанасыр басындағы қалпағын алып, оны да екі бөледі де, жартысын әлгі кісіге береді. Бұған аң-таң болған ол:

—Ау, мұның не?—деп сұраса, Қожанасыр оған:

—Сіз алған қауынды бөліп жедік, енді мен алған қалпақты да бөліп киейік,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз