Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа мен сағат

1 мин оқу

Бір күні Қожа жолаушылап келе жатып, бір сағат тауып алады. Құлағына тосса «шық-шық» деген дыбыс естіледі. Жол бойында бір бәйтерек өсіп тұр екен, Қожа әлгі бәйтерекке өрмелеп шыға бастайды. Ағаштың орта тұсына барғанда сағатты тыңдап көрсе, әлі «шық-шық» дегенінен танбайды. Сонсоң Қожа ағаштың басына қарай өрлей береді, бір кезде жерге құлап түседі.

Аман қалғанына тәубе еткен Қожа:

—Сенің тіліңді аламын деп, өле жаздап, бір ажалдан әрең қалдым,—деп сағатты лақтырып жіберіп, жөнімен жүре беріпті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз