Есек жүгі
1 мин оқу
Ақсақ Темір, оның уәзірі, Қожанасыр—үшеуі аңға шығады. Шаршаған кезде Темір шекпенін шешіп, Қожаға береді. Кейін оның уәзірі де солай етеді. Темір әзілдеп:
—Қожеке, үстіңізге бір есектің жүгін артып қойдық-ау!— дейді.
Сонда Қожа:
—Бір есектің жүгі болса, ештеңе емес қой. Менің үстімде қазір екі есектің жүгі бар,—деген екен.