Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әкелі-балалы кісілер

1 мин оқу

Бір күні Қожа мен жолдасы екеуі базарды аралап келе жатып, қызыл шеке болып, төбелесіп қалған екі адамды көреді. Жолдасы Қожаға:

—Жүр, мыналарды арашалайық,—дейді.

Қожалар жақындай бергенде, төбелес басылып қалады.

Төбелесіп жүргеннің біреуі:

—Мен бұған дейін білмей жүріппін, сен нағыз салпаң құлақ есек екенсің ғой,—депті.

—Мен есек болсам, сен қодықсың,—дейді екіншісі.

Сонда Қожа жолдасын тоқтатып:

—Жүр, аулақ кетейік, жанжалдасып жүрген әкелі-балалы кісілер екен, арашашының қажеті бола қоймас,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз