Байларыңды шаққанша, бадам алып шағыңдар
1 мин оқу
Бір күні Қожа мен әйелі болмашы нәрсеге ұрысып қалады. Жанжал басы—палау болса керек. Әйелі палау басса, түбі күйіп кетіпті. Қожа мұрнын тыржитып, алдына келген тамақты иіскейді. Бәйбішесі бұған күйіп-пісіп, ашуланып, екеуі отасқан отыз жыл ішіндегі Қожаның жаза басқан жүрісін, қателіктерін жіпке тізе бастайды. Не керек, содан үш сағаттай сөйлейді. Тамағы құрғап қырқылдап қалған ол Қожадан:
—Сен қалай шыдап, үн шығармай тыңдап отырсың?—деп сұрайды.
Сонда Қожа жай, байсалды түрде:
—Мен сенің барылдаған сөзіңді тыңдаған да жоқпын. Мен әлгі базарда бадам сатушылар не деп жар салса, жарасар еді деп соны ойлап отырмын. Қатын, сен қалай қарайсың, бадам сатушылар: «О, қатындар, қатындар, байларыңды шаққанша, бадам алып шағыңдар!» деп айғайласа, қатып кетпес пе еді?— депті.