Қожанасырдың бәсеке айтысуы
1 мин оқу
Бір көпірмеші кісі Қожанасырмен бәсеке айтысуға келіпті. Қожанасыр оны елемегендей рай білдіріп:
—Неменеге келдің, шырағым?—депті.
—Адам атадан жеті мүшел үлкенмін, неше жас екенін де білмеймін,—депті. Мұны естіген Қожанасыр өкіріп жылай беріпті.
—Е, неге жылайсың?—депті ол.
—Жыламай қайтейін, сол сен туған жылы үйлі-жайлы, балалы-шағалы болып қалған кенже ұлым өлген еді. Соны еске түсіріп жібердің ғой,—депті Қожанасыр.