Қожанасырдың жауабы
1 мин оқу
Бір күні Қожанасырдан:
—Таң атқан соң адамдар не үшін түрлі-түрлі жаққа қарай тарап кетеді екен,—деп сұрапты.
—Ой, сорлылар-ай! Осыны да білмей жүргендерің,—деді Қожанасыр ызаланғандай болып. Егер адамдар түрлі жаққа жүрмесе, бет-бетімен бытырамаса, бәрі бірдей бір беткей, бір жағына қарай жүре берсе, жер де бір жағына қисайып, ақыр соңында аударылып кетпес пе еді? Соны да сұрап тұрсың ба?— депті Қожанасыр.