Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйелімнен сұрап келейін

1 мин оқу

Бір күні Қожаның әйелі басқа әйелдермен бірге Ақшәһар көліне кір жууға барады. Қасына нөкерлерін ертіп, көл жағасында серуендеп жүрген бір төре әйелдерге көз салып, қырындап болмайды.

—Өй, ұятсыз, несіне қарайсың?—деп Қожаның әйелі зекіп тастайды. Төре нөкерлерінен:

—Бұл кімнің әйелі?—деп сұрайды. Олар Қожанасырдың әйелі екенін айтады.

Келесі күні төре Қожаны шақыртып алып:

—Кеше бізге жолыққан сенің әйелің бе еді?—деп сұрап, үстіне киген көйлегін, келбетін сөз етеді.

—Иә, менің әйелім,—дейді Қожа.

—Мұнда жіберші, келіп кетсін.

—Оны қайтесің?

—Бір нәрсе сұрайын деп едім.

Сонда Қожа:

—Сен әуелі менен сұра, мен барып әйелімнен сұрап келейін,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз