Бұқа болмаса, бұзау бұзықтықты қайдан үйренеді?
1 мин оқу
Бір күні Қожаның бұзауына оқыра тиіп, құйрығын тігіп, ауылды айнала шапқылап жүрсе керек. Қожа шыбықты ала салып, бұқаны басқа-көзге ұра бастайды.
—Бұқаны неге ұрасың, не жазығы бар?—деп сұрайды жұрт.
Сонда Қожа:
—Барлық пәле осында. Бұқа болмаса, бұзау бұзықтықты қайдан үйренеді?—депті.