Сен саудайы әлі тірі жүрсің
1 мин оқу
Бір күні Қожаның алдына әйелі қасақана ып-ыстық сорпа әкеліп қояды. Сорпаның ыстық екендігін ұмытып кетіп, ең алдымен ол өзі ұрттап алса керек. Аузы күйіп қап, көзінен жас шыққанда, Қожа:
—Неге жылап отырсың?—деп сұрайды.
—Шешем марқұм осындай сорпаны жақсы көруші еді, сол есіме түсіп кетіп, жылап отырмын,—дейді әйелі. Енесін еске алып, сорпадан ұрттап жібергенде, аузы күйіп Қожаның да көзі жасаурап шыға келеді.
—Саған не жоқ? Сен неге жылап отырсың?
Сонда Қожа:
—Сорлы шешең қайтыс болғалы қашан, сен саудайы әлі тірі жүрсің, мен сол үшін жылап отырмын,—депті.