Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шіркін, айт күнде бола берсе-ші

1 мин оқу

Бір ашаршылық жылы Қожа бір ауылға келеді. «Ішкен мас, жеген тоқ» дегендей-ақ, мұнда ас-су көл-көсір, Қожа да қарық болып қалады.

Пай-пай, бұ неткен молшылық, біздің жақта жұрт аштан қырылып жатыр,—деп Қожа таң қалады.

Сонда біреу:

—Немене, өзің жындымысың? Айт екенін білмеуші ме ең? Бүгін айттың құрметіне деп жұрт қолда барын ортаға салып отыр. Сондықтан да молшылық,—дейді.

Сонда Қожа сәл ойланып қап, іле-шала:

—Қап, айт күн сайын бола берсеші! Сонда мұсылмандар аштық дегеннің не екенін білмес еді,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз