Оқымасаң, қайдан біліп тұрсың
1 мин оқу
Бірде Қожа бір досына хат жазып отырады. Қасындағы біреу Қожаның жазғанына көз қиығын салып қарай берсе керек. Әлгі кісіге әбден ызаланған Қожа досына хатты былай деп жазады:
—«Уа, құрметті досым, саған айтар әңгіме, жазар сөз көп еді. Бірақ қазір, осы сәтте, менің желкеме төніп бір көк есек тұр, ол жазғанымның бәрін оқып та тұр».
Әлгі кісі жатып ашуланады:
—Бұл неткен бейбастақтық? Мені «есек» деуге қай хақың бар?
—Біреудің хатын неге оқисың?
—Қашан оқыдым? Сонда Қожа:
—Оқымасаң, менің сені «есек» дегенімді қайдан біліп тұрсың?—депті.