Қожаның әйеліне күйеуі де қос көрінеді
1 мин оқу
Қожаның әйелі қыли болса керек. Үйдегі нәрсенің бәрі оған қос көрінеді екен. Бірде дастарқан басында отырып:
—Әпенді-ау, екеумізге бір шыны май жетпей ме, екіншісін неге әкеп қойғансың?—дейді. Қожа мұртынан күліп, не нәрсенің болсын әйеліне қос көрінетініне іштей қуанады.
Бірде тағы да дастарқан басында Қожаның әйелі өз-өзінен шошынып, бетін бүркеп:
—Әпенде-ау, қасыңдағы кім? Өзі аумаған сен сияқты ғой,— дейді.
Сонда Қожа:
—Бәйбіше, көзіңе үйдегінің бәрі-ақ қос көріне берсін, бірақ қос күйеу көрінуі жақсы ырым емес,—депті.