Қожа мен кемешілер
1 мин оқу
Бір күні Қожа кемешілердің қасына келеді, лаулап жанып жатқан отты көріп, Қожа:
—Бұларың не?—деп сұрайды.
—Қарамай қайнатып жатырмыз, қарамай жағып, кеменің тесік-саңлауларын бітейміз, сонда кеме шапшаң жүзетін болады,—дейді кемешілер.
Қожа үйіне қайтып келген соң, от жағып, қарамай қайнатады. Есегінің аяғын тұсап қойып, бір қарамайлы шаланы апарып аяғына тигізуі мұң-аң екен, есегі тулап-тулап тұсауды үзіп, қашып кетеді.
Сонда Қожа:
—Қап, патшағардың қарамайды жақтырмай-ақ, құйынша ұшып кетуін қарашы,—депті.