Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа қытықшыл болса керек

1 мин оқу

Бірде Ақсақ Темір Қожаны сынамақ болып, жендеттеріне:

—Мынаны дереу дарға асыңдар,—деп бұйырады. Жендеттер ай-шай жоқ, Қожаны бас салып, есікке қарай сүйрете жөнеледі. Есіктен шығара бергенде, тоқтатып:

—Дәмің таусылуға тақады, қандай аманат-өсиетің бар, айт,—дейді Темір.

—Пәлендей айтар аманатым жоқ, жай бір бұйымтайым бар.

—О неткен бұйымтай?

Сонда Қожа ешбір қиналмастан, табиғатына біткен сабырлықты сақтап:

—Мойныма бір нәрсе тисе, қытығым келетін әдетім бар. Сондықтан дарға мойнымнан астырмай, белімнен астырсаң қайтеді,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз