Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазтуған Сүйінішұлы

Хандық дәуірдің жыраулары мен билері · 1 мин оқу

Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) — жорық жырауы, батыр, ноғай мырзасы. Халық арасында ол «Қарға бойлы Қазтуған» деген атпен белгілі. Әкесі Сүйініш мырза ноғайлардың Едисан ордасын билеген. Сүйініштің Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі деген ұлдары болған. Шежіре бойынша олардың арғы атасы — Ноғай Ордасының билеушісі Едіге би. Сүйініш мырза алдымен Еділ бойын мекендеп, кейін Қобан жаққа көшкен.

Орыс құжаттарында Қазтуғанның есімі «Тоған» түрінде алғаш рет 1673 жылы кездеседі. Сол жылы қалмақ билеушісі Аюке хан Астраханьдағы келіссөз кезінде аманатта отырған жас ноғай мырзасын босатуды сұраған еді. 1696 жылы Қазтуған қалмақтарға ұзақ жыл бағынышты болып келген Едисан ұлысын Еділ бойынан Қырым хандығына қарасты Қобанға көшіріп әкетті. Оның есімі соңғы рет 1698 жылғы құжатта аталады. Онда Едисан мырзалары Тоған мен Гидемир Қобанда болған жұтқа байланысты Мәскеуге елші жібергені жазылған.

Қазтуған жырау жорық поэзиясының және халық эпосының өкілдерінің бірі саналады. Оның көп өлеңі бізге жетпеген. Сақталған толғауларында жауынгердің көшпелі тұрмысы, туған жердің табиғаты, ел бірлігі мен ерлік дәстүрі жырланады. Ол Еділ мен Нарын бойындағы кең қонысты сағынышпен суреттейді. Өлеңдері ырғақты, бейнелі және нақыл сөздерге бай. «Мадақ жыры» мен «Туған жермен қоштасу» толғаулары ежелгі қазақ поэзиясының үлгілері ретінде оқытылады.

Жырау толғауларының бір бөлігі И. Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862) жарияланды. Кейбіреулері 1910 жылы Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағына, ал кейін М. Мағауиннің «Алдаспан» (1970) кітабына енді. Ел аңыздарында Қазтуған қалмақтарға қарсы қол бастаған батыр ретінде сақталған. Оның қашан және қай жерде қайтыс болғаны туралы дерек жоқ.

Хандық дәуірдің жыраулары мен билері

Барлығы: 11 тұлға

Тағы оқыңыз